Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ келісімінің баптарына енгізілетін түзетулер бекітілді

ХВҚ келісімінің баптарына енгізілетін түзетулер бекітілді

Мемлекет басшысы "Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына енгізілетін түзетулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп жазады Ақорда сайты.

Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысына сәйкес, осы заң жобасның аясында ХВҚ келісімінің баптарына енгізілетін үш түзету қарастырылады.

"Халықаралық валюта қорының басқарушы кеңесінің резолюциясымен ХВҚ-ның "ХВҚ-да квоталар мен дауыстарды реформалау" келісімінің баптарына енгізілетін түзетулер мақұлданды, оның аясында қордағы дауыстардың бөлінуі, сонымен қатар олардың саналу тәртібі өзгереді", - деп айтылады хабарламада.

Бұған қоса, Халықаралық валюта қорының басқарушы кеңесінің резолюциясымен ХВҚ-ның "ХВҚ инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту" келісімінің баптарына енгізілетін түзету мақұлданды, оған сәйкес қордың валюталарды, шығындарды инвестициялық шот пен арнайы шотта ұстайтын мүшелерді пайдалануға қатысты өкілеттіктері кеңейе түседі.

Сонымен бірге ХВҚ-ның "Коталардың он төртінші қайта қаралуы және атқарушы кеңестің реформасы" келісімінің баптарына енгізілетін түзету мақұлданды, оған сәйкес ХВҚ-ның атқаруы кеңесі тек сайланатын атарушы директорлардан тұрады.

"Көрсетілген түзетулердің бекітілуі - халықарлық валюта қорының қатысушы-мемлекеттерінің жаңа квоталарын бекіту үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының квотасын арттыру үшін қажетті шарт", - деп айтылған профильді комиттетің қорытындысында.

Похожие материалы