I тоқсанда құбылмалылық пен нақты бағыттың жоғы әлемдік қаржы нарығына қатты әсер етті
Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Moody's агенттігінің есебінде келтірілгендей, сауда қақтығыстарына, аса жоғары геосаяси тәуекелдерге және саяси екіұштылыққа байланысты орын алып отырған нарықтағы құбылмалылықтың артуы, сондай-ақ компаниялардың несиелік қабілеттерінің нашарлауы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында әлемдік қаржы саласына жағымсыз әсерін тигізді.
«Бірінші жартыжылдықта жүйелі қаржылық тәуекелдер біршама күшейді, алайда несиелерді беру талаптарының тоқтаусыз әлсіреуі инвесторлардың тәуекелге баруға дайын екенін білдіреді, - деді Moody's басқарушы директоры Колин Эллис. – Сонымен бірге тәуекелдердің кристаллдануы жағдайында несиелік айырмалар айтарлықтай артуы мүмкін».
Агенттіктің пікірі бойынша, қаңтар-маусымда активтердің құнын бағалау бірқалыпты төмендеген, сонымен қатар пайыздық мөлшерлемелер артуының күтілуіне байланысты мемлекеттік облигациялардың бағалары шектік деңгейге дейін түсіп кеткен. Америкалық мемлекеттік бондтарындағы кірістің өсімі экономиканың белсенді өсімін және инфляциялық күтілетін нәтижелердің күшейгенін білдіреді, ал евроаймақта қаржылық-несиелік саясат америкадан артта қалып қойғандықтан, мемлекеттік қағаздардың кірістілігіне қысым көрсетіліп отыр.
АҚШ және басқа да елдердегі қор индекстерінің төмендеуіне әртүрлі елдерден келетін тауарлар импортына баж салығының енгізілуі және өзге елдердің жауап ретінде баж салығын бекітуі себеп болып отыр.
Бірінші жартыжылдықта елдердің басым көпшілігінде жылжымайтын мүлік құны түсіп кеткен, жалпы алғанда бағалар номиналды ЖІӨ-ге қатысты алғанда соңғы 10 жылда орташа деңгейден төмен күйінде қалуда. Норвегия, Швеция, Жаңа Зеландия және Австралия сияқты жекелеген нарықтарда жылжымайтын мүлік бағасы әлі де жоғары қалпында сақталған. Әлемде АНС қатаңдауы дамушы елдердің мемлекеттік валюталары мен облигациялары үшін жағымсыз факторға айналуы ықтимал деген пікір білдірді Moody's сарапшылары. Бұл тұрғыда Аргентина мен Түркия экономикасына ең үлкен шығын келуі мүмкін.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024