Ресей мұнай өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынға шықты және 2015 жылдың І тоқсанында мұнай экспортын 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға, 59,3 млн тоннаға дейін арттырды деп хабарлайды Ресейдің Мемлекеттік статистика жөніндегі федералдық агенттігі.
2015 жылдың І тоқсанында өндіріс 1,3%-ға, 131,6 млн тоннаға дейін өсті, сонымен қатар наурыз айында 2014 жылдың наурызымен салыстырғанда өндіріс 1,1%-ға, 45,2 млн тоннаға дейін жоғарылады. 2015 жылдың І тоқсанындағы ресейлік экспорттың жалпы көлеміндегі мұнай экспортының меншікті салмағы - 25,2%, отын-энергетикалық тауарлардың экспортында - 38,5% (2014 жылдың І тоқсанында сәйкесінше 31,6% және 43,7%). 2015 жылдың наурызында мұнайдың орташа нақты экспорттық бағасы тоннасына 383,1 долларды қамтыды. Мұнай экспортынан ұйымдардың шотына түскен валюталық қаражат көлемі І тоқсанда 35,6%-ға, 16,684 млрд долларға дейін жоғарылаған. Ресей Федерациясындағы және жетекші мұнай экспорттаушы елдеріндегі мұнай өндірісі туралы салыстырмалы деректер наурыз айында РФ тәулігіне Сауд Арабиясынан да артық мұнай өндіргенін көрсетеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024