Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

І тоқсанда Ресейдің мұнай экспорты 12,8%-ға артты

І тоқсанда Ресейдің мұнай экспорты 12,8%-ға артты

Ресей мұнай өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынға шықты және 2015 жылдың І тоқсанында мұнай экспортын 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға, 59,3 млн тоннаға дейін арттырды деп хабарлайды Ресейдің Мемлекеттік статистика жөніндегі федералдық агенттігі.

2015 жылдың І тоқсанында өндіріс 1,3%-ға, 131,6 млн тоннаға дейін өсті, сонымен қатар наурыз айында 2014 жылдың наурызымен салыстырғанда өндіріс 1,1%-ға, 45,2 млн тоннаға дейін жоғарылады. 2015 жылдың І тоқсанындағы ресейлік экспорттың жалпы көлеміндегі мұнай экспортының меншікті салмағы - 25,2%, отын-энергетикалық тауарлардың экспортында - 38,5% (2014 жылдың І тоқсанында сәйкесінше 31,6% және 43,7%). 2015 жылдың наурызында мұнайдың орташа нақты экспорттық бағасы тоннасына 383,1 долларды қамтыды. Мұнай экспортынан ұйымдардың шотына түскен валюталық қаражат көлемі І тоқсанда 35,6%-ға, 16,684 млрд долларға дейін жоғарылаған. Ресей Федерациясындағы және жетекші мұнай экспорттаушы елдеріндегі мұнай өндірісі туралы салыстырмалы деректер наурыз айында РФ тәулігіне Сауд Арабиясынан да артық мұнай өндіргенін көрсетеді.

Похожие материалы