Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Игерілмеген бюджет қаражаты 80,7 млрд теңгені құрап отыр

Игерілмеген бюджет қаражаты 80,7 млрд теңгені құрап отыр

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 8 айында 80,7 млрд теңге бюджет қаражаты игерілген жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Бұл оның Астана әкімі қызметіне тағайындалардың алдындағы министр ретіндегі соңғы баяндамасы болатын.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 6 трлн 277 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджеттік тәртіп жақсарды. Атқарылмағаны - 91 млрд теңге, оның ішінде бюджет қаражатының үнемделуі - 10,3 млрд теңге. Игерілмеу сомасы - 80,7 млрд теңге. Бұл 2017 жылдың 8 айындағы көрсеткішке қарағанда 21 млрд теңгеге аз»,-  деді министр.

Оның дерегінше, Қорғаныс министрлігі 15,4 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі 11,1 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі 10, 9 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі 9,5 млрд теңге игермеген.

«Алдында баяндағанымыздай игерілмеу сомасының бір бөлігі бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінетін болады. Жергілікті бюджеттер шығыстары 3 трлн 74 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 69,6 млрд теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда біраз жақсарды», - деді ол.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, есепті кезеңде өңірлерге 448,8 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Олар жергілікті деңгейде 94,5 пайыз, немесе 423,9 млрд теңге игерілді.

24,9 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде 2,4 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеу болды.

«22,5 млрд теңге игерілген жоқ, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі игерілмеу сомасынан 44,6 пайызға аз», - деді Б. Сұлтанов.

Похожие материалы