Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Ішкі істер министрлігі казино ойнаған құқық қорғау органдарының 97 қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министр құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексі бойынша ойынханаларға барған әрбір қызметкерге тиісті баға берілетінін атап өтті.
«Әрбіріне әділ баға беріледі. Бұл тұлғалар бойынша тергеу жүріп жатыр. Кейбірі ІІМ құрылымында шынымен де жұмыс істемейді», – деді Ахметжанов.
Ахметжановтың айтуынша, мемлекеттік қызмет істері агенттігі де мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактісі бойынша тексеріс жүргізуде. Шенеуніктер тарапынан заңбұзушылық анықталса нақты шаралар қолданылады. Олардың құмар ойындарға ақшаны қайдан алғаны тергеу барысында анықталатыны атап өтілді.
Айта кетейік, 19 қазанда Алматы облысындағы ойынханаларға 305 мемлекеттік қызметкер 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болған еді. Олардың ішінде Ішкі істер министрлігінің - 97, Қорғаныс министрлігінің - 95, Қаржы министрлігінің - 25, тағы Антикор, Жоғарғы сот пен әкімдіктердің қызметкерлері де бар.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024