Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

IKEA иесі 42 жылдан кейін табыс салығын төледі

IKEA иесі 42 жылдан кейін табыс салығын төледі

IKEA дүкендер желісінің негізін қалаушы Ингвар Кампрад сонау 1973 жылдан бері Швеция үкіметі салған салық сомасын төледі. Бұл туралы Dagens Nyheter сайтына сілтеме жасап, 24.kz хабарлайды.

Бизнесмен осыдан 42 жыл бұрын елдегі қымбат салыққа наразы болып, көшіп кеткен. Алайда жұбайы Маргарет өзге жерде қайтыс болғаннан кейін ол, 2014 жылы отаны Швецияға қайтып оралды. Басылымның хабарлауынша, 89 жастағы Кампрад табыс салығын 6 млн швед кроны мөлшерінде төлепті. «Жасыл» валютаға шаққанда, Компрад Швеция қазынасын 700 мың АҚШ долларына байытқан, деп жазады informing.ru. Айта кету керек, Ингвар Феодор Кампрад IKEA дүкендер желісін 1943 жылы ашты. Бүгінде ол әлемдегі ең ірі бөлшек сауда желілерінің бірі болып табылады. Дүкеннің тауарлары әлемнің 47 елінде сатылады. Фото: peoples.ru

Похожие материалы