Индустриялық сертификатты беру мемлекеттің емес, бизнестің құзырында – «Атамекен» ҰКП
«Атамекен» ҰКП кеше ҚР Парламенті Сенатында депутаттар нақты фактілерді келтірмей, Ұлттық палатаға сертификаттау мәселелеріне қатысты негізсіз айыптаулар жасады, дейді.
Парламент тыңдауына дайындық шеңберінде Сенат алаңында жеңіл өнеркәсіп саласы мәселелері бойынша 7 жұмыс жиналысы өтті. Осы ретте бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен талқылаулар барысында сертификаттау туралы мәселе оң көзқараста қаралған болатын.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бұл мәселедегі бастамасы мен қызығушылығын құптайды және Индустриялық сертификатын және тауардың шығу түбі туралы сертфиикаттарын беру механизмдерін бизнес, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен егжей-тегжейлі таныстыруға дайын екенін білдіреді.
Айта кетелік, бүгінде Ұлттық палата экспорттық сертификаттар мен СТ-KZ сертификатын қоса алғанда 8 түрлі сертификат береді. Сертификаттарды беру – бүкіл кезеңдері қатаң регламенттелген жүйе екенін айта кеткен жөн. Ұлттық палатамен жыл сайын 7 мыңнан астам СТ-KZ сертификаты және экспортқа 50 мыңнан астам сертификат беріледі.
Сертификаттарды беру – Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2014 жылдан бері Палатаға берілген функция.
Тауардың шығу түбі туралы сертификаттардың Сауда-өнеркәсіп палаталарымен берілуі – бұл кең таралған халықаралық тәжірибе. Осы ретте Ресей және Беларусь сынды көрші елдерде Қазақстананн гөрі сертификаттарды беру мерзімдері айтарлықтай ұзақ әрі бірнеше есе қымбат тұрады.
2019 жылдың сәуірінен бастап бизнес өкілдерінің бастамасымен Ұлттық кәіпкерлер палатасы Индустриялық сертификатты беруді бастады. Индустриялық сертификат кәсіпорында өндірістің барын, оның қуаттылығын растайтың құжат. Бүгінде 238 индустриялық сертификат берілген. Өңдеу саласындағы отандық тауар өндірушілер өнімді нақты шығарушыларды қолдауға және жалған өндірушілермен күресуге мүмкіндік беретін құжат ретінде Индустриялық сертификатты қолдайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024