Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Инфляция 2018 жылдың алғашқы үш айында 1,8% болды. Бұл 2017 жылғы 1-тоқсандағы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Жылдық инфляция алдыңғы жылдың соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда наурызда 6,6%-ға дейін баяулады. Ол 2018 жылға арналған 5-7%-дық нысаналы дәлізге толық сәйкес келеді.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев инфляциялық күтулердің де төмендеуінің байқалып отырғанын атап өтті. Халық арасында жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша бір жыл алға күтілетін инфляция бағасы наурызда 2017 жылғы қарашадағы 7,7%-дық жоғарғы мәннен 5,8%-ға дейін төмендеді.
«Инфляциялық процестердің төмендеуі және осы үрдістің орта мерзімді перспективада сақталуын бағалау ақша-кредит саясатын жұмсартудың негізгі талаптарының бірі болып есептеді. 2018 жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеме үш рет 10,25%-дан 9,25% дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.
Ол ақша нарығындағы мөлшерлемелар базалық мөлшерлемеден кейін төмендеуде екеніне тоқталды.
«Егер 2017 жылдың соңында қысқа мерзімді ноттар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 9,43%-ды құраса, наурызда 8,78%-ды құрады. Базалық мөлшерлеме бойынша кешегі шешімнің қорытындысы бойынша біз нарықтық мөлшерлемелердің одан әрі төмендейтінін және олардың ұзақ мерзімді мөлшерлемелерге әсер етуін күтеміз», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.