Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Интернет қолданушылар жеңілдетілген автонесиені тиімсіз деп жазуда

Интернет қолданушылар жеңілдетілген автонесиені тиімсіз деп жазуда

Әлеуметтік желілерде жеңілдетілген автонесиені тиімсіз деушілер көбейді. Олардың жазуынша, салондар автокөліктердің бағасын күн санап өсіріп жатыр екен.

Блогшы Ернар Бекеновтың жазуынша «Бипек авто» салонында кейбір көліктердің бағасы 1 күнде 100 мың теңгеге қымбаттаған. «4-6 пайыздық жеңіл автонесиелерін көріп келдім. «Бипек-Авто»-ның салонына барып едім, салон базарға айналып кетіпті. Көпшілігі сол жеңіл кредит туралы білгілері келеді. Мен іздеген машина бір күн бұрын хабарласқанымда 4 млн. 100 мың теңге еді. 1 күн ішінде тағы 100 мыңға қымбаттапты» деп жазды ол Фейсбуктағы парақшасына. Ол салондағы банк өкілімен сөйлескен соң, бұл несиенің өзіме тиімсіз екенін түсіндім дейді. «Сондағы "Сбербанк" өкілімен хабарласқанда білгенім: - Жылдық пайыз 4-тен бастап. Мерзімі 5 жылға дейін. - Бастапқы жарна 10 немесе 20%. - Автокөлікті Жол полиция органдарында рәсімдеу үшін қосымша 40 мың теңге төлейсіз. - КАСКО деген сақтандыруы бар, ол жылына машина құнының 2% құрайды. Ойлана келе, бұл жеңіл автокредиттің маған тиімсіз екенін түсіндім» дейді ол. Тура осындай мәселені журналист Амангелді Құрметұлы да жазды. Ол алдын-ала төлейтін қолма-қол ақша көлемі көп дегенді меңзейді. «Автосалондағы банк менеджерлері КАСКО үшін қолма-қол ақшаны несие алушы төлейтіндігін айтып отыр. Сонда алғашқы жарна деп 10 пайыз соманы, КАСКО деп 400 мыңнан астам теңгені іздейсіз. Сөйтіп, біраз қолма-қол ақша саласыз дейді» дейді Амангелді Құрметұлы Facebook әлеуметтік желісінде жазған пікірінде. Журналист жеңілдетілген несиенің қолайсыздығын әрі одан үмітті адамдардың көптігін айтып, «стандарт автонесиелердің пайыздары сәл түсіпті, ойлана келе жеңілдетілген несиеден қолайлы деп шештім» деп жазады. «Әрі салондарда бұл несиені бере бастау кезеңін 20 сәуір деген. Бүгін 1 мамыр деп жатыр. Ал, осы аптада бір байқағаным пайыздар 14-15-ке дейін түсе бастапты. 4 пайыз банктерді де ойлануға мәжбүрлеген сияқты. 4 пайыздық несие мен стандарт несиелерге қатысты есеп-қисап жасай келе, бүгін соңғысына жүгіндім. Өйткені, біраз ньюанстар бар екен. Әрі 5 мыңға жуық көліктің кезегіне тұрып жатқандар мол. Соңғы бір апта бойы салондарда жүрмін. Адам өте мол. «4 пайыздық үміт» қой бәрін жетелеп әкелген. Бір жақсысы күзде 22 пайызға алынған көлік қазір 14-15 пайыз екен. Әрине, «9 ПАЙЫЗДАН БАСТАЛАДЫ...» деген жарнамалар ұрып тұр. Бірақ, іс жүзінде бөлек бәрі», - дейді ол. Еске сала кетейік, биылғы жылдың басында үкімет отандық автоөндірісті ынталандыру және қолдау мақсатында 20 млрд теңге (100 млн доллардан астам) қаржы бөлуді шешкен еді. Оның 15 миллиардын номинал мөлшерлемесі 4%, жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5%-дық жеңілдетілген автонесиелендіруге бағыттау көзделген болатын. Бұл несиеге шамамен 6000 отандық автокөлік сатылады деп көзделген еді. Әзірге 16 сәуірден бастап «Астана Моторс» елдегі банктердің бірінің көмегімен Қазақстанда жиналған Hyundai модельдеріне деген өтініштерді қабылдай бастағанын хабарлады. Ал, басқа көліктерді несиелендірудің басталғаны туралы ашық ақпарат жоқ. Жеңілдетілген несие арқылы рәсімдеуге болатын Қазақстандық автокөліктермен таныс болыңыз: Жеңіл көліктер Кроссоверлер, жол талғамайтын көліктер және минивендер

Похожие материалы