Ғаламторда бірінші қазақстандық электрокардың суреті пайда болды. Материал алматылық кәсіпкер Тайыр Балбаев арқылы жарияланған деп жазады "Экспресс-К" басылымы.
Суреттерде электрокар толығымен дайын тәрізді көрінеді. Бірақ әлі көп жұмыс бар дейді құрастырушылар.
Машина дизайнын венгерлік маман Томаш Якус сызған. Автоның аккумуляторы алдыңғы қақпақ астында орналасқан. Есіктер жоғары қарай ашылатындықтан көлік спорткарға ұқсайды. Жарық шамдар шырша бейнесінде жасалған. Электромобиль бар болғаны 4 секунд ішінде жылдамдығын арттыра алады. Алматылық кәсіпкер жыл сайын қолмен құрастырылған 20 суперкар дайындамақ.
Сондай-ақ, электрокардың аккумуляторын қуаттандыру үшін арнайы бекетте жарты сағат қажет болатындығы да атап өтілген. Осы арада израильдік Storedot компаниясы әлемдік нарыққа электрокарды бар болған 3 минутта қуаттандыруға мүмкіндік беретін құрылғы шығармақшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024