Келесі жылдың екінші жартыжылдығында мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін жетеді. Investec Asset Management агентігінің қор басқарушысы Чарльз Уолл осындай болжам жасады.
Салада үш онжылдықтан артық уақыт жұмыс істеген сарапшы осы жылдың соңына дейін сұраныс ұсыныстан тәулігіне шамамен 1 млн баррельге асып түсуін, 2016 жылы дефициттің сақталуын күтуде. Әлемдегі мұнайдың ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясы ОПЕК-тің жоғары бағалардың сақталуына емес, картельдің әлемдік нарықтағы үлесін сақтауға бағытталған стратегиясын қолдауда. Citigroup және Goldman Sachs аналитиктері мұнай өндірісін арттырады деген болжам жасаса, Investec өкілі шектік деңгейге қол жеткізілді деп есептейді. "Жағдай біршама басқаша болуы мүмкін. Келесі жылы нарықтағы жеткізулерге қатысты жағдай күтілгеннен гөрі шиеленіскен болатындай көрінеді", - деп мәлімдеді Ч.Уолл. Ресей мамыр айында Сауд Арабиясын басып озып, Қытайға жеткізілетін мұнай көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Сарапшының айтуынша, Сауд Арабиясы өндірістің тұрақты деңгейіне жеткен. "Қазір олар нарық үлесі үшін күрес жүргізуде. Бүгінгі таңда Ресей Қытайға мұнайды бұрын-соңды болмаған көлемде сатуда. Сол себепті, егер Сауд Арабиясының көбірек өндіретін мүмкіндігі болса, әрине, олар сөйтер еді", - деді ол. Ч.Уоллдың болжамына сүйенсек, Brent мұнайының бағасы осы жылдың аяғына дейін барреліне 80 долларға дейін жоғарылауы мүмкін. Бұл ретте Investec сценарийі бойынша келесі жылы мұнайдың құны орта есеппен барреліне 85 баррель болмақ. Мұнайдың осы маркасының тамыз айына арналған келісім-шарттары жұма күні барреліне 63,04 доллар деңгейінде сатылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024