Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPad Air 2-ге  Windows 98 жүйесі қосылды

iPad Air 2-ге  Windows 98 жүйесі қосылды

Жақында ғана Windows өзінің 31 жылдық мерейтойын атап өтті. Онымен бірге толық бір ұрпақ өсіп шықты және олардың ОС көне нұсқаларын сағынатыны да рас. Дәл осы ностальгия, көптеген адамдарды құрылғыға сай келмесе де  Windows-тың көне нұсқаларын жазып алуға итермелейді. Неге деп сұраңызшы?! Неге жазып алмасқа?!

iOS 8 – бұл Apple-дің ең ілгері жылжыған операциялық жүйесі. Көптеген жаңа өзгерістерге қарамастан алғашқыда ол өзінің тұрақтылығы және сенімділігімен мақтана алған жоқ. 8bitsince86 никіндегі Reddit қолданушысы жаңа сезімдерге ие болу үшін өзінің iPad Air 2 құрылғысына әйгілі Windows 98 орнатып алды. Бұл үшін ол Cydia-ның DOSPAD эмуляторын қолданған. Ең қызығы, 16 жыл бұрынғы үстелдік операциялық жүйе «алма» гаджетінде жақсы жұмыс істеп тұр. 8bitsince86 Diablo 2 мен Fallout 2 қосып та үлгеріпті.  

Похожие материалы