Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Израильде банк топ-менеджерлерінің жалақысына шектеу қойылды

Израильде банк топ-менеджерлерінің жалақысына шектеу қойылды

Израиль парламенті сақтандыру компаниясы мен банктегі жоғарғы лауазымды қызметкерлердің жалақысына шектеу қою туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл туралы ВВС хабрлайды.

Қабылданғаан заңнамаға сәйкес, Израильдің қаржы саласында істеп жатқан топ менеджерлердің жалақысы жылына 658 мың доллардан аспауы керек. Ал аталған заң бойынша түскен түсім қосымша салық ретінде есептеледі.

Мемлекеттің қаржы министрі Моше Кахлонның сөзінше, бұл заңның ұтымды тұсы экономикалық жағдайды реттейді. Дегенмен Израильдің банктік ассоциациясы жаңа заңнамаға қатысты елдің Жоғарғы сотына аппеляциялық шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Похожие материалы