Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қайта сайланған басшысы Йозеф Блаттер отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Бұл жайында ол арнайы ұйымдастырылған баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бұл туралы ESPN жазады.
Йозеф Блаттер мұндай қадамға баруының себебі ретінде бірнеше ФИФА шенеунігінің жемқорлықпен айыпталуын атап отыр. "Менің президенттігім, ФИФА-да өткізген қырық жылым өмірімде өшпес із қалдырды. Мен үшін ФИФА-ға жететін ештеңе жоқ, футбол үшін, осы ұйым үшін бәрін беруге әзірмін", - деді ол баспасөз-мәслихатында. Бұған дейін Йозеф Блаттер бесінші рет ФИФА президенті болып сайланған болатын. Сайлау өтетін шара алдында аталған ұйымның бірнеше шенеунігі жемқорлықпен айыпталып, тұтқынға алынған-ды. ФИФА дауына қатысты оқиғалар хронологиясымен мына жерден таныса аласыздар.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024