Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Йозеф Блаттер отставкаға кететіні туралы мәлімдеді

Йозеф Блаттер отставкаға кететіні туралы мәлімдеді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қайта сайланған басшысы Йозеф Блаттер отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Бұл жайында ол арнайы ұйымдастырылған баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бұл туралы ESPN жазады.

Йозеф Блаттер мұндай қадамға баруының себебі ретінде бірнеше ФИФА шенеунігінің жемқорлықпен айыпталуын атап отыр. "Менің президенттігім, ФИФА-да өткізген қырық жылым өмірімде өшпес із қалдырды. Мен үшін ФИФА-ға жететін ештеңе жоқ, футбол үшін, осы ұйым үшін бәрін беруге әзірмін", - деді ол баспасөз-мәслихатында. Бұған дейін Йозеф Блаттер бесінші рет ФИФА президенті болып сайланған болатын. Сайлау өтетін шара алдында аталған ұйымның бірнеше шенеунігі жемқорлықпен айыпталып, тұтқынға алынған-ды. ФИФА дауына қатысты оқиғалар хронологиясымен мына жерден таныса аласыздар.

Похожие материалы