Талдау барысында өндіріс пен тауар өткізіліміндегі сұранымды жоқ тауардың мөлшерін бағалау керек. Ол оған деген сұраныстың төмендеуінен тууы мүмкін. Әрбір кәсіпорын өз тауарының керек өнімінің өткізілмей қалған жағдайында зиян мөлшерін білуі керек. Тауардың өткізілмей қалуын қолға алу үшін оның пайда болу факторларын зерттеп, шығынды минимализациялау және оны жібермеу жолдарын іздестіру керек.
Ішкі себептер: кәсіпорын жұмысшылармен жасалған сұранысболжамының дұрыс болмауы; өткізу нарығындағы кәсіпорынның баға саясатының дұрыс болмауы; шикізаттың төмен сапасының нәтижесіндегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі; қондырғы, төмен дәрежелі технология, персоналдың төмен білім деңгейі салдарынан өнімнің бәсекеге төзбеуі; сату процесі және өнімге жарнама жүргізуді дұрыс ұйымдастырмау салдарынан.
Сыртқы себептер: сатып алушылардың төлеу қабілеттілігінің жоқтығы; салымдар бойынша пайыздық ставкалардың өсуі; демографиялық, әлеуметтік, саяси және т.б. себептер.
Сұранымдағы жоқ тауардың пайда болу мүмкіндігін өткізуге болатын және болмайтын деп 2-ге бөлуге болады. Өнімді осы топтардың біреуіне жатқызылуын жаңалықтардың экономикалық мақсаттары (нарықта тауар қозғалысын жақсарту) тәрізді критерийлерге байланысты қарасатыруға болады. Егер дизайнға, сапаның жақсаруына, қаптау, жарнама, өндірісті және өткізу орнын ұйымдық қайта құруға байланысты. Қосымша шығындарды үстеме пайда жабатын болса, онда олар экономикалық мақсатты және тәуекелдіктен құтыла алмаймыз немесе керісінше.
Тауардың төмен сұранымын өндіріске дейінгі, өндірістік, өндірістен кейінгі кезеңдерде анықталуы мүмкін. Егер өндіріске дейінгі кезеңде тауар сұранымының төмен екендігі анықталса, экономикалық шығын мөлшерден аз болады: нарықты зерттеу, бұйымды ойластыру шығындары ғана. Ал егер сұранымының төмендігі өндірістің және өндірістен кейінгі кезеңдерде анықталатын болса, кәсіпорынның қаржылық жағдайының үлкен нұқсан келтіруі мүмкін: шығын көлемінен дайындықтан шегерімдер, игеруден, өндірістен және өнім өткізуден пайда болған шығындар кіреді. Тауар сұранымының төмен деңгейін анықтау кезеңдеріне байланысты басқарушылық шешімдер әр түрлі болуы мүмкін: өндіріске дейінгі кезеңде анықталса ол өнімді өндірмей, басқа өнімді игеруге болады; өндірістік кезеңде өнім дизайнына, конструкциясына, бұйым бағасына өзгеріс енгізіп, сол арқылы нарыққа шығаруға болады; өндірістік кезеңнен кейін анықталса, онда кәсіпорындарға банкротқа ұшырамау жолдарын іздестіру керек, себебі, сұранымдағы жоқ тауар шығынға ұшыраудың тікелей жолы.
Сұранымы жоқ тауардың тәуекелділігін анықтау үшін тауардың контракт бойынша немесе сұраныс бойынша жеткізуін талдау, әрбір түр бойынша дайын тауардың қалдық динамикасын, жалпы сатылудағы олардың үлесін анықтап, талдау керек.
Тауар өткізілімінің жылдамдығын анықтау үшін қолданылатын маңызды көрсеткіш оның өткізілім кезеңінде ұзақ уақыт бойы болуы болып табылады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін орташа дайын өнім қалдықтарын біркүндік сатылу көлеміне болу керек. Оның өсу деңгейі өткізілімнің қиындықтарын және сұранысы аз тауардың тәуелділігін анықтайды.
Шаруашылық қызмет қорытындысына үлкен әсер тауар ассортименті және құрылымы және өнім өткізілімі етеді.
Нарық конъюктурасының өзгеруін есепке ала отырып, уақытылы тауар ассортиментінің жаңаруы іскерлік қатынастың маңызды индикаторы және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
Өнім ассортиментін және оның шығарылу құрылымын құру барысында кәсіпорын бір жағынан белгілі өнім түрлеріне сұраныс деңгейін анықтап, екінші жағынан қолда бар еңбек, шикізат, техникалық, технологиялық, қаржылық және т.б. ресурстарды тиімді пайдалануды іске асыруы керек.
Ассортиментті құру келесіден тұрады:
- тұтынушының ағымдағы және перспективті сұранысын анықтау керек;
- шығарылған немесе жоспарлы шығарылуы мүмкін тауардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау;
- бұйымның нарықтағы өмірлік циклін зерттеу, жаңа өнім түрлерін өндіріске енгізу бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, ескі өндірісітік бағдарламаларды және экономикалық тиімділігі төмен бұйымдарды өндірістен алып тастау;
- өнім ассортиментінің өзгерту тәуекелділігін және оның экономикалық тиімділігін бақылау.
Өнім ассортиментінің өзгеруінің жалпылама анықтамасы бір атты коэфициенттерден құралады:
есепке алынған өнім көлемі
К = --------------------------------------------
өнім өндірісінің базалық көлемі
Бұл коэффициентті есептеу барысында есептік кезеңдегі шығарылған тауардың факттық көлемі базалықтан (жоспарлы, алдағы жылдағы) көп болуы керек. Өнім өндірісінің көлемінің бір түрі бойынша көбейіп және келесі түр бойынша азаюы оның құрылымының өзгерісіне яғни үлес салмағы бір тауардың артса, келесінікі кемиді.
Өндіріс құрылымының өзгеруі экономикалық көрсеткіштерге үлкен әсер етеді: өндіріс көлемі құндық бағада, өнімге материал. Шығынның жұмсалуы, табыстылық, рентабельділік. Егер қымбаттырақ тауардың үлес салмағы артса, онда оның шығарылымы құндық мағынада артады, немесе керісінше. Сол сияқты пайда көлемі де жоғарғы рентабельділігімен өседі, үлесі азаюында төмен рентабельділік болады.
Өндірістің көлемі мен өнімнің айналымға жіберілген көлемі бір бірімен тығыз байланысты.
Өндірістің шектелген мүмкіндіктеррі мен тұтыну сұранысы өнім өндірудің көлеміне әсер етеді. Соған қарамастан нарық тығыздығы мен бәсекелестіктің күшеюі өндірістегі өнімнің көлемін ұлғайтуды міндеттейді. Өнім өндіру қарқыны, дайын өнімді сату ,өнімнің сапасының артуы шығындарды ұлғайтқанмен табыс пен кәсіпорынның рентабнльділігініне әсер етеді. Сондықтан осы көрсеткіштерді талдау төмендегідей міндеттерді алға қояды:
- жоспарды орындау деңгейін және өндіріс пен өнімді айналымға жіберу динамикасын бағалау.
2.осы көрсеткіштердің өзгеруіне әсер етуші факторларды анықтау.
3.өнімді өндіру мақсатына ішкі мүмкіндіктерді пайдалану.
Өндірісте ең маңызды экономикалық көрсеткіш болып шығарылған өнімнің сапасы танылады. Себебі сапалы өнім әрқашан ұлкен тұтынушылық сұранысқа ие болады.Өнім сапасының артуы бәсекелестікке төзе алатын белгілі бір мықты бағытты ұстануға көмектесетін құрал. Осы себептерге байланысты өндірілген сапалы өнім айналымға жылдам түсіп, жиілігін арттырғанда түсетін табыстың мөлшерін ұлғайтады.
Осы тақырыпқа байланысты талдауға байланысты көрсеткіштер маңызы мен мақсатына қарамастан төмендегідей болып бөлінеді:
1.жалпы шығарылған өнімнің құрамындағы жаңа өнімнің мөлшері
- жоғар сапалы өнім мөлшері
- орташа сұрыптық коэффициенті
- сертифитталған өнім мөлшері
- халықаралық стандарттқа сәйкес өнім көлемі
- экспортталатын өнім көлемі
Алғашқы өнім сапасы мен сұрыпталуын талдау үшін жоспардың орындалу деңгейі мен оның өзгеру коэффициентіне аса назар аударуымыз керек. Біз қарастырып отырған автотранспорт мекемесінің жолаушылар тасу қызметінің сапасын біз төмендегідей көрсеткіштер арқылы талдауымызға болады.
Тэги:
- 7kun.kz
- 7күнкз
- маркетинг
- қаржы сауаттылығы
- 7күн кз
- кітапхана
- экономика кітабы
- маркетингтік қызметін талдаудың маңызы мен міндеті
- Өнімге деген сұранысты талдау және тапсырыстар қоржынын қалыптастыру
- Талап етілмейтін өнімнің тәуекелділігін бағалау
- Өнім өткізу нарығын талдау
- Кәсіпорынның баға саясатын талдау
- Өнімнің бәсеке қабілеттілігін талдау
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024