Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көктемгі су тасқыны 20 млрд теңге көлемінде шығын әкелуі мүмкін

Көктемгі су тасқыны 20 млрд теңге көлемінде шығын әкелуі мүмкін

Қазақстандағы көктемгі тасқынның салдарынан 20 млрд теңге көлемінде шығын келуі мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Вадимир Божко орталық коммуникациялар брифингі кезінде хабарлады.

"Шығын есептеліп жатыр. Өте үлкен. Миллиардтар болады. Қазір Ақмола облысы өтініштерін дайындап жатыр. Павлодар облысы 800 млн теңге сұрап отыр. Апат салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысына 800 млн қажет. Қарағанды облысында 8-9 млрд болады. Ақмола облысы да осыдан кем түспейді", - деді Божко. Оның атап өтуінше, бұл нақты цифрлар емес.
"Электр мен байланысты қалпына келтірер кездегі кейбір шығындар есептелген жоқ", - деп қорытындылады министр орынбасары.
Божконың мәліметінше, тасқын Қазақстанның бес облысындағы 7 қаланы, 26 аудандағы 88 елдімекенді басып қалған. Сел басталғалы бері 3067 үйі су шайып кетті. Олардың 198-і қиратылды. Автожолдың 243 аумағы мен 20 көпірді су басып қалды. Төтенше жағдай аумағынан 18 мың адам көшірілді. "Қазір жағдай қалпына келді. Ақмола облысында су басқан 12 үй ғана қалды. 17213 адам тұрып жатқан жерлеріне қайта оралды", - деп мәлімдеді В.Божко. Қазір 626 бұзып, қайта жөндеуді талап етеді. Жаңа үйлердің құрылысы үшін 70 алаң дайындалып, Қарағанды облысындағы 16 үйдің құрылысы басталды.

Похожие материалы