Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - Алматы метросына мина қойылды деп хабарлаған жалған террорист ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қалалық ішкі істер ұйымының және арнайы қызметтің күшімен метроға мина қойылғандығын хабарлаған азамат ұсталды», - деді полицейлер.
Жалған ақпарат таратушы Алматы облысы Сарқант қаласының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны болып шықты. Ол мұндай іске бұзақылық мақсатта барған.
[caption id="attachment_68283" align="alignnone" width="1000"] Фото: vlast.kz[/caption]«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы «Терроризм актісін жалған хабарлау» бойынша қоңырау шалушының қылмыс деңгейі анықталатын болады», - деп атап өтті ішкі істер департаменті.
[caption id="attachment_68284" align="alignnone" width="795"] Фото: zakon.kz[/caption]Еске салсақ, 24 сәуірде сағат 19.00 де белгісіз адам Алматы метросына бомба қойылған деп ақпарат таратқан. Метрополитен жолаушылары шұғыл эвакуацияланды. Арнайы қызмет өкілдері барлық метро станцияларын тексеруге кірісті. Сағат 22.49-да метро жұмысын қайтадан жаңартылды. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024