2015 жылдың 20 қарашасында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 307,32 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты жазды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 307,28 теңгені құрады. Максималды курс — 307,35 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 307,30 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 41 млн 450 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 56. 20 қараша күнгі доллардың ресми курсы 307,40 теңге болды. Осылайша, 21 қараша күнгі 1 доллардың курсы 307,32 теңгені құрайды. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024