Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 363,66 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 363,66 теңге

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың 5 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 363,66 теңге болды.  Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 362,20 теңгені құрады. Максималды курс — 366,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 365 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 25 млн 450 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 53.

5 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 6 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 363,66 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында доллар 368 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы