
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 319,86 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,45 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,24 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 320,19 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 70 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 146.
Ақша айырбастау орындарында 4 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 320, 50 теңгені құраған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025