Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар 325,46 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар 325,46 теңге болды

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 ақпандағы доллардың орташа бағамы 325,46 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 324,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 325,85 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 325,85 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 99 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 191.

Ақша айырбастау орындарында 8 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.55) Алматыда 327,10 теңгені құраған.

Похожие материалы