
Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 ақпандағы доллардың орташа бағамы 327,50 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 327,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,63 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 66 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 143.
Ақша айырбастау орындарында 9 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.45) Алматыда 329,10 теңгені құраған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025