Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар 330,84 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар 330,84 теңге болды

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 маусымдағы доллардың орташа бағамы 330,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,55 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,86 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 66 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 160.

Ақша айырбастау орындарында 1 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 332 теңгені құраған.

Похожие материалы