Қаржы орталықтары туралы армандар
Экономикалық жаһандану дәуірінде батыс әлемінің қаржы нарығын бақылаудағы ықпалы мен күші анық байқалып отыр. Әлемдік сауда-саттықтың 80%-дан астамы доллар немесе еурода жасалады. Мысалы үшін айтсақ, юаньда бұл көрсеткіш - тек 4%. Алғашқы екі валюта сәйкесінше орталық банктеріндегі резервтерінің 63,8 және 20,5% көлемінде. Жаһандық қор нарығы құрылымында компаниялардың жалпы капиталдануының 72%-ы АҚШ пен ЕО елдеріне тиеселі. Халықаралық қаржы орталықтарының бөлінісі бұдан да әрі таңырқатады: 2014 жылдың қорытындысы бойынша (рейтинг GFCI) 84 орталықтың 47-і Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада орналасқан.Әрине, Мәскеуді халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту жоспары жақында ғана, мемлекет жаңа дамып келе жатқан кезде, мұнай бағасы $200/барр. жетейін деген тұста пайда болды. 2011 жылы президент Дмитрий Медведев «Ресейде қаржы құралдарының барлығы ұсынылатын қаржы орталығы» құрылуы керек деп мәлімдеген еді. Жобаны жүзеге асыру Ресей Банкі базасында мегареттеуішті құрудан басталды. Мәскеу маңынан жер беріліп, үлкен құрылыстың жобасы жасалынып, болашақтағы жетістіктер туралы үлкен уәделер беріле бастаған-ды. Қазір бұл тақырып жабық десе де болады: Мәскеу 2008-2014 жылдары ірі қаржы орталықтары тізімінде 21 көрсеткіш бойынша (78 орынға) төмендеді. Қазір Варшава (38-і), Прага (63-і), Будапештен (74) де артта қалды.
Өсу нүктелері
Дамушы елдерде (Ресей БРИКС қатысушысы ретінде осы топқа жатады) халықаралық қаржы орталығын салу идеясы өте дұрыс, негізі бар көрінеді – әсіресе, үлкен нарыққа шығуға мүмкіндігі бар мемлекеттер үшін. Осы факторлар меніңше, Парсы шығанағындағы саяси тұрақты, бағыты оң мемлекеттерде қаржы орталықтарының жылдам өсуіне әкелді. БАӘ мен Катар қаржы алаңдары ішінде 16 және 22 орындармен мақтана алады. Бұл елге инвесторлар мен кәсіби мамандарды тартуға айтарлықтай көмектеседі.Дубай 1980 жылдардың ортасынан бастап шығанақтағы экономикалық реформалардың пионері болды, 2004 жылы қаржы орталығын құрды, бүгінде ол жерде қаржы мен сақтандыру саласында 2 мыңнан астам халықаралық компаниялар жұмыс істейді. 2005 жылы (2008 жылдан бастап NASDAQ Dubai ретінде танылған) Халықаралық жекеменшік қаржы биржасы құрылды. Тек өткен жылы ғана ол арқылы $16 млрд көлемінде 30 жаңа листинг өтті.
Алысқа бармай-ақ чехтарға немесе поляктарды мысалға алуға болады. Ресейге рубльдің толықтай конвертацияландырылуын енгізу туралы әңгіме шығып жатқан тұста, чехиялық әріптестеріміз 2000 жылы ұлттық валюталарына €19 млрд облигация орналастырды. Бұл уақытта Ресей рубльдік қарыздармен халықаралық несие нарығына да шықпаған болатын. Варшавалық биржада 2014 жылдың соңындағы есеп бойынша жалпы капиталдануы €322,5 млрд болатын 45 компания листингтелген. Оның 55%-ы польшалық емес, шетелдік, негізінен Орталық Еуропаның компаниялары. ММВБ-те орташа бағамы €390 млрд шамасында болатын 322 эмитенттің акциясы сатылады. Бұлардың барлығы ресейлік. Біздің компаниялар Лондон, Нью-Йорк, тіпті Гонконг биржаларына шығуға ұмтылады. Неге бұлай болуда?
Менің ойымша, мәселе - бізден озып кеткендерден үйренудің орнына, өзіміздің ережемізді қалыптастырғымыз келетіндігінде. ХҚО қалыпты жұмыс істеуі үшін халықаралық (мүмкіндігінше британиялық) құқық операцияларын жүргізетін ұйым, салықтың мөлшері аз, инвесторлар мен шетелдік қызметкерлердің ел аумағында жұмыс істеуі үшін жеңілдетілген режим, дауларды шешу үшін тәуелсіз сот инстанциясы қажет. Ресей билігінің мұндайға баратынына сенім бар ма, егер «бәсеке» аз кезде мұны жүзеге асырмаса? Мен артық бағаламас едім.
Нағыз достар
Мәскеуге Кеден одағы және ЕАЭО-қа қатысушы серіктестерімен бірлесіп, мұны жүзеге асыруға тырысуға болушы еді. Алайда бұл жүзеге аспайтын идея –бұрынғы КСРО-лық елдердің бірде бірінде салиқалы қор нарығы жоқ, қаржы нарықтары тұрақсыз.Алайда соңғы жылдары Қазақстанда билігі ресейлік билікке қарағанда халықаралық инвесторлармен серіктестік орнатуға барынша ниетті және тіпті кейбір «үйренушілік» қасиеттері (үкімет бағдарламаларында көптеген міндеттер халықаралық рейтингтерде жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған) халықаралық қаржы орталығын құруға бағытталғанын анық байқауға болады. Және қазақ әріптестеріміз басынан-ақ тәжірибелі сыртқы инвестормен – жоғарыда айтқан Дубайдағы қаржы орталығымен серіктестік орнатуға тырысты. Олар қаржы орталығын құруға дайын, үлкен еркін экономикалық аймақ құрып, инвесторлар мен олардың қызметкерлеріне елге визасыз кіру, 10 жылға дейін табыс салығынан босатуға ниетті. Дауларды шешу үшін британдық құқық базасында жұмыс істейтін, оның шешімінің орындалуын тіпті елдің Жорғары сотының өзі бұза алмайтын сот инсанциясын құру ниеті бар. Халықаралық қаржы орталығының статусы Конституция негізінде бекітілмек. Орталықты құру туралы Жарлыққа 2015 жылдың 19 мамыры күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, мұндай қиын жобаны жүзеге асыру оңай болмайды және ұзақ уақыт пен күшті талап етеді, бірақ инвесторлар алдында елдің тартымдылығын қалыптастырады, қаржы саласында бос бағыттарды қалыптастырады. Мұнда халықаралық қаржы құқығы элементтерін бейімдеу мақсаты бар. Қаржы орталығы қазір Астанада құрылысы жүргізіліп жатқан EXPO-2017 өтетін 174 га аумаққа орналасуы мүмкін.
Ресейге қазақ әріптестерінің бастамасын қолдау қажет, өйткені ЕАЭО-тың дамуы мақсатты бағытпен жүрсе, бұл қаржы орталығы ресейлік те болады. Мен біздің биліктің барлығын барынша орталықтандыруға тырысатынын түсінемін-жекеменшікті, капиталды, билікті, алайда ықпалдасудың кері үдерісті туғызуы да мүмкін –орталықсыздандыру, мамандандыру. Бұл ретте еуразиялық масштабтағы болашақ қаржы орталығы ретінде Қазақстанның пайдасы үлкен болғалы тұр: Орталық Азияның жетекші мемлекеті ретінде, Ресеймен, Қытаймен тығыз қарым-қатынас, жаңа Жібек жолы жобасына жақындығы, елдің ислам әлемімен дәстүрлі байланысының болуы, болашақта исламдық қаржы тәжірибесін қабылдау мүмкіндігі және Астананың АҚШ пен ЕО-пен қарым-қатынасының нығаюы. Ресей Шығысқа бет бұруын шынайы түрде жүзеге асырса Ресейдің қаржылық қызметі бір бағытқа бұрылып, кеңейе түсетін еді.
Бүгінде мойындауға тура келеді, Ресейдің жаһандық инвестициялық және қаржылық байланысты қалыптастыруы өте сәтсіз жүзеге асуда. Қытай мен БАӘ, Малаизия мен Мексикаға дейінгі аралықта мықты экономикалық алға жылжытушы күшке айнала алатын еркін экономикалық аймақтар бізде қалыптаспады. Салиқалы қаржы орталығын құру әзірге біздің қолдан келмеді, алдағы он жылдықта да жүзеге аспайтын шығар. Мұндай жағдайда еуразиялық ықпалдастық туғызған мүмкіндікті барынша пайдалану қажет және қазақтардың тәжірибеге дайындығы мен ресейдің қаржылық әлеуеті бүгінде масштабын біз бағамдай алмайтын мықты синергиялық эффект беруі мүмкін.
Дерекөзі: РБК