Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлер салық органдарына жиі жалған ақпарат береді

Кәсіпкерлер салық органдарына жиі жалған ақпарат береді
Алматы  қаласындағы  жеке  кәсіпкерлік  статистика  бойынша  35%-ды  құрап  отыр. Әлбетте  басқа  қалалармен  салыстырғанда  Алматы  осы  сала  бойынша көшбасшы  атанып  келеді. Жеке  кәсіпкерлердің  қаншалықты  заңға  бағынатындығы  жөнінде  Алмалы  аудандық  кірістер  департаментінің  Жеке  кәсіпкерлерді  әкімшілендіру бөлімінің  басшысы  Тулаков  Дәурен  Тұрсынбекұлынан  білдік.  Маманның сөзінше, кәсіпкерлердің басты проблемаларының бірі - кассалық тәртіпті сақтамауы. Көбінде азық-түлік  дүкендерінде  түбіртек  берілмейді. Яғни,  жеке  кәсіпкер  салық  органдарына  айналым  қаражатын  дұрыс  көрсетпейді  дегенді  білдіреді. Ал бұл, ҚР экономикасына  тікелей  әсер  ететін  факторлардың  бірі. Статистика бойынша, заң бұзушылықтар тамақтандыру саласында жиі тіркеледі. Олардың жалпы кәсіпкерлік саласындағы алатын үлесі - 35%. Кәсіпкерлер тарапынан болатын заң бұзушылықтардың алдын-алу үшін тексеру жүргізеді. Тамақтану орындарынан бөлек сән салондары, көлік жуу орындары сияқты орындар түбіртек ұсынбайды.  Осы  кезде, тұтынушылардың  салық  органдарына  келген  шағымдары  арқылы  тексеріс  өткізіледі. Заң бұзушылықтар ойын бизнесінде де жиі тіркеледі екен. Мысалы, бильярд  клубтары  бір  ойын  үстеліне  бір  айда  25 АЕК төлеуі  керек. Ал  көбіне  бұл  саладағы  кәсіпкерлер  10/2-сін  ғана  тіркейді. Айта кету керек, 2015  жылдың  1  шілдесінен  бастап  жанармай  бекеттеріне, арақ-шараптың  алып  сатарларына  аппаратты  енгізген  болса, 2016  жылдың  1 қаңтарынан  бастап тұрмыстық  техника, электроника, жылыту  системаларымен  айналысатын  салық  төлеушілерге  онлайн-кассалық  аппаратымен  жұмыс  жасау  жүктелген. Ол аппараттың ерекшеліктері -  «Қазпоштаның» орталық  серверіне  ақпаратты  бірден шығарады. Оны  қолданбаған  жағдайда  айыппұл  салуға  тура  келеді. "Бірақ, әзірге, ондай  тексеру жүргізбей, салықтық  насихат жүргізіп жатырмыз. Яғни, сауда  орындары, базарлардың  сатушыларына  жаднамалар  таратып, түсіндіреміз. Соның  өзінде бүгінге көпшілігі онлайн-аппаратты пайдаланбайды", - дейді кірістер  департаментінің  «жеке  кәсіпкерлерді  әкімшілендіру» бөлімінің  басшысы Тулаков Дәурен. Post-терминалдар  мен  онлайн-кассалық  аппараттардың өзектілігі неде? Маманның сөзінше, кәсіпкерлер алдағы ірі халықаралық сайыстарға дайын болуы қажет. 2017 жылы Алматы Қысқы Универсиада өткізеді. Статистикалық зерттеу бойынша, 30 000-ға жуық турист келуі мүмкін. Ал олар көбінесе  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысады. Біздің  мақсатымыз  салық  төлеушілердің  барлығын  осыған  дайындау деп атап өтеді спикер.

                                                                                    Әйгерім ӘБІЛЕЗ «7»

Похожие материалы