Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ (курстық жұмыс)

КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ (курстық жұмыс)

Кәсіпкерлік табиғи жолмен құрылған, ал кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен әдістері ұзақ мерзімді әлеуметті-экономикалық реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерге қарағанда Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту тарихы он төрт жылдың көлемінде саналады. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы стратегиялық мәселе және басым бағыт болып табылады. Кәсіпкерліктің сәтті дамуы тек мемлекеттің оған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси шарттарды жасауының нәтижесінде мүмкін болады. Мемлекет экономиканың болашағы зор секторы шағын кәсіпкерлікке зор көңіл бөледі. Бұл сала қызметті ұйымдастырудың икемдірек, динамикалы, жалпыға сәйкес түрі болып табылады, әрі нарықтық экономиканың тиімді қызметінің кепілі. Қазақстанда шағын кәсіпкерлік тарихи қысқа мерзімде белсенді әрі кәсіпкер қоғам бөлігінің арқасында экономикасмыздан берік бағытты иемденді. Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау кепілдіктері өз жемісін берді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі мен олардың экономикаға қосқан үлесі соның дәлелі. Дегенмен еліміздегі шағын кәсіпкерлік дамуы саласында теңсіздіктер байқалуда, атап айтқанда шағын кәсіпкерліктің даму құрылымында сауда мен қызмет көрсету саласы 50 пайызды иемдеуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы мемлекеттің алдында тұрған мәселе – ғылым мен техниканы қолдануға негізделген, ақша-несие механизмдерін жетілдіру, кәсіпкерлікті инвестициялық қолдау, ғылыми-әдістемелік, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз етуге негізделген өндірістік инфрақұрылымды құру арқылы кәсіпкерлікке жағдай жасау. Ол үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың барлық деңгейіне біртұтас инфрақұрылым жүйесін қалыптастыру қажет. Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту мақсатында мемлекет Президентімен шағын кәсіпкерлікті жақын жылдарда қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды.Оның ішінде жоғары қосылған бағалы өндірісті құру жекеменшік саласын ынталандыратын кәсіпкерлік климатты, бәсекелестік ортаны және қоғамдық институттар жүйесін құру. Таңдалған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңдағы нарықтық экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің елеулі орны (ЖҰӨ-ге әсері) мен оны дамытуды қолдаудың Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан шараларының маңыздылығына орай анықталады. Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдарын анықтау болып табылады. Жұмыс мақсатының салдары ретінде негізгі міндеттер болып келесі бағыттар анықталады: - Мемлекет ынтасы бойынша құрылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін талдау («Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ; «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ; «Қазақстанның даму Банкі» АҚ; технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ) - Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік емес ұйымдардың түрлері және қызметін қарастыру («Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ; «Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ; «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ) - Халықаралық және шетел ұйымдарының еліміздегі кәсіпкерлік секторды дамытуға әсерін талдау (Жаңғырту және дамытудың Еуропалық банкі (ЖДЕБ); халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі (USAID); «Еуразия» қоры;әлемдік банк;техникалық қарым-қатынас бойынша Германдық қоғам (gtz); тәуелсіз мемлекеттерге техникалық қолдау бойынша Еуропалық Комиссия Бағдарламалары (ТМТҚЕКБ)) - Жанама қолдауға бағытталған коммерциялық ұйымдардың қызметі (екінші деңгейлі банктер, шағын несиелеу, несиелеу серіктестіктері, лизингтік компаниялар). Курстық жұмыстың тақырыбы жалпы сипатта болғандықтан әрі кәсіпкерлікті дамытудың нұсқаларының алуан түрлілігіне орай, жұмыс әр нұсқаға сипаттама беріп, мақсаты мен қызметін анықтау нысанында жазылды. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі екі бөлімнен құралады: - Кәсіпкерлік ұғымы, оның ел экономикасындағы орны. Бұл бөлім екі бөлімшеден тұрады, бірінші бөлімше кәсіпкерлік қызметтің мәні, сипатты белгілері және қызметіне арналады. Ал екінші бөлімше тікелей Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, бағдарламалары қарастырылады. - Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары, яғни курстық жұмыстың негізгі түйінді мәселелерін ( курстық жұмыс міндеттерін қамтиды) шешуге бағытталған. Курстық жұмыс ҚР Сауда және Индустрия Министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің қолдауымен шығарылған әдістемелік құралды (“Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы” әдістемелік құрал, 2005) негізге ала отырып жазылды, теориялық аспектілерде Осипова М.Ю “Основы предпринимательского дела”, В.Я. Горфинкель “Курс предпринимательства”, отандық әдебиеттерден А.Нурсейт пен А.Темирбекованың “Теория рыночной экономики: предпринимательскии аспект” еңбектеріне жүгіндік. Кәсіпкерлікті дамыту жолдарын анықтауда электронды үкімет пен Сауда және Индустрия Министрлігінің сайттары (http://www.e.gov.kz/business/small_bus/inf_structure;http://www.mit.kz/index.php?p=docs&id_mm=41&id_sm=88&lang=3) ақпараттың көзі ретінде қолданылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік туралы заңдар мен елбасы жолдаулары, бизнес-анықтамалар мен аударма сөздіктер көмекші құрал болды.

1 КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒҢЫ РОЛІ

1.1 Кәсіпкерлік қызмет: мәні, сипатты белгілері және қызметі

Алғаш рет “кәсіпкерлік” және “кәсіпкер” (ағылш. “business”) терминін 18-ші ғасырдың аяғы 19-шы ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Р.Кантильон “кәсіпкер” деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын, нарықта өндіріс құралдарын сатып алып, оны капиталға айналдыратын адамды айтады. Капитал қызмсетінің нәтижесі өнім болып, ол нарықта шығындарды жабатын бағадан жоғарырақ бағамен сатылады.Өндірілген өнімнің нарықтық құны әуелде белгісіз болғандықтан, кәсіпкер әрқашан тәуекелділікте болады. Ұлыбритания заңнамасы бойынша кәсіпкер - “өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам”. А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зертеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында қызмет ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан тағы бір әйгілі экономист Ж.Б.Сэй (1767-1832) болып табылады. Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама береді де кәсіпкер (бизнесмен) мен менеджер (басқарушы) функцияларын шектеген. Сэйдің пікірінше кәсіпкердің табысы өнімді өткізу мен ұйымдастырудың қабілеті үшін алатын сыйақы болып табылады. 1934 жылы американдық экономист Йозеф Шумпетер кәсіпкерді жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл тұлға ретінде қарастырады. Ол кәсіпкердің қызметін ең алдымен жаңалықтар мен жаңа немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әртүрлі мүмкіндіктерін қолданатын, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша отырып, өндірісті реформалаумен немесе түбірімен өзгертумен байланысты іс-әрекет деп есептейді./1;17-б./ Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық. Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады. Бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі ретіндегі роліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің өз ісіне дамудың, экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады. Ресурстық қызмет кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы реурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді. Сонымен қатар кәсіпкер шығармашылық қызмет немесе ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер өз ісіне жаңа идеяларды қолданып қана қоймай,алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінінің 10-бабының 1-тарауына сәйкес кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама береді: “Кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.” Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Анықтаманы толықтыра түсу үшін кәсіпкерліктің сипатты белгілерін айқындаса жеткілікті: 1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Ұйымдық дербестік – кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. 2. Тәуекел. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды, бұл кәсіпкерлік тәуекел табысты жұмысқа ынталандырушы себеп болуы мүмкін. 3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған. 4. Кәсіпкерлік субъектілері табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ кәсіпкерлік көп қырлы болғандықтан және оның бағыттарын кқрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды. 5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады. Ал кәсіпкерлік қызметтің негізгі құқықтық принциптері оны әділетсіздіктен арашалуаға мүмкіндік береді: - Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі; ҚР Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкердің айналымнан шығармаған мүлкінің кез-келген түрін қолдана отырып, кәсіпкерліктің кез-келген саласында заңмен көзделген кез-келген нысанда өз ісін бастауына және жүргізуіне құқығын анықтайды. - Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі; Конституцияның 6-бабында белгіленген: “ҚР мемлекеттік және жеке меншік түрі танылады және бірдей қорғалады” әрі шектеулер мен артықшылықтар белгілеуге тйым салынады. - Бәсекені ұстау, монополизация мен жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу (Конституцияның 26-бабы); сол арқылы нарықтық экономиканы дамиды және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырылады. Мұнда ҚР 19.01.2001 “Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы” заңына маңыз беріледі. - Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу; - Заңдылық принципі; ол арқылы кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатаң сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс; мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс./2;14-б/ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер: - 30.08.1995ж. ҚР Конституциясы; - 27.12.1994ж. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім); - 12.06.2001ж. №209-11 ҚР “Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” кодексі; - 30.01.2001ж. №155-11 ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексі; - 17.04.1995ж. №2200 ҚР “Лицензиялау туралы” заңы; - 10.12.1999ж. №493-1 ҚР “Қазақстан Республикасның еңбек туралы” заңы; - 28.02.2004ж. №528-11 ҚР “Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы” заңы./2;15-б/ Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендй, кәсіпкер ретінде іскер, перспективалы ойлары, идеялары бар адамдар таңдалады. Олар жоғары коммерциялық және қаржылық тәуекелге бара отырып, өндірістің жаңа түрлерін игереді, жаңа нарықтар ашады. Кәсіпкерліктің негізгі қозғаушы күші - пайда, яғни шығындар мен еңбекақыны шегергеннен кейін қалған табыс кәсіпкер меншігі болады. Кәсіпкерлік пайда кәсіпкерді капиталымен тәуекелге итереді, оған жұмысшы күшін және өндіріс құралдарын сатып алуға мәжбүрлейді. Бір жағынан кәсіпкер де жеке дербестігіне ие болады, өз қызметін өзіне қолайлы уақытта атқаруға мүмкіндік алады. Осы факторлар кәсіпкерліктің негізгі мотивтері болып табылады. Қызмет көрсету аясына тәуелсіз кәсіпкер өз мүмкіншіліктерін келесі функцияларды атқару арқылы жүзеге асырады: - нарықты зерттеу жолымен төлемқабілетті сұраныс бар тауар мен қызметті іздеу; - осы тауарды өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажет ресурстарды бағалау; ресурстар арзан нарықты іздеу; - жаңа техника, технология мен тың әдіс, менеджмен пен басқару негізінде істі ұйымдастыру; - тауар мен қызмет көрсетуді заманға сай маркетингтік принциптерді қолдана отырып жүзеге асыру; - табысты тұтыну, жинақ, резервтік, дивидент төлеу қорларына үлестіру./1;21-б/ Осы қызметтер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында негізгі функция ретінде айқындалады. Сонымен қатар әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшылар шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыссыздықпен күрестегі мағынасы өте зор деген қорытындыға келді. Ол дамыған елдерде азаматтардың 70-80 пайызына жұмыс және мемлекеттік бюджет түсімдерінің басым үлесін береді. Бүгінгі күні әлемнің жетекші державаларында осы экономиканың әр 10 секторының 9-ы, ал Жапонияда, Германияда – барлық кәсіпорындардың жартысы жатады. Үлгі ретінде Голландияны алсақ, халық саны 16 миллион болатын бұл елде 4 миллионға жуық шаруашылық жүргізетін субъектілер бар./2;4-б./

1.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы

Соңғы он төрт жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды басымдылықтарының бірі – шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылғанын атап өту қажет. Себебі нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта, шағын кәсіппкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл -  ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі – шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты. АҚШ-та, мысалы, тіркелген 18,1 миллион фирманың 97 пайызының қызметкерлерінің саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың 90 пайызында 15-тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ-нің 38 пайызы және жұмыс күшінің 47 пайызы келеді. АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымдары кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы нарықтарға шығу және т.б. бағдарламалардың бірқатарын іске асырады.70 мыңға жуық шағын кәсіпорнына мемлекет 2 млрд доллардан аса инвестиция жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға бағытталған; соңғы он жылдықта 31 млрд доллар несиеге 180 000 мемлекеттік кепілдік берілген.(“Шағын бизнес туралы” заң 1953 жылы қабылданған).Бұдан көретініміз – АҚШ-та шағын бизнес барлық экономикалық салалардың ішінде жоғары беделге ие екендігі. 2006 жылдың 7 шілдесіндегі өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік” туралы заңынын 2-тарау, 6-бабының, 3-тармағына сәйкес заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады./3;3-б/ Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуына бір қадам жақындауы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез – құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді.Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал – ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істуге қабілетті. Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992 – 1993 жылдары басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте – бірте жеке меншікке ауысты. Олар әр түрлі шаруашылық ассоцациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды. Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық , әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан ары жетілдіру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсіпкерлік қызметті төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: 1.Өндірістік – оның ішінде инновациялық , ғылыми – техникалық жаңалықтарға сай тауар өндіру, қызмет көрсету және басқалары. 2. Коммерциялық – сауда-саттық , делдалдық , сауда үйлері, тауар биржалары және т.б. 3. Қаржылық – банктік, сақтандыру, аудиторлық , лизингтік қор биржалары және т.б. 4. Кеңес берушілік – басқармалық , әкімшілік, маркетингтік, ақпараттық , кадрлар дайындау және т.б. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсенді қатысушылар – шағын және орта бизнес субъектілері – кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын және орта бизнестің дамуына жан – жақты жағдайлар интенсивті түрде жасалынуда. Ал оларға жекеше тоқталсақ , меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол өз кезегінде шағын бизнестің дамуының нағыз экономикалық негізі екенін есімізге алайық. Кәсіпкер шағын және орта бизнес субъектісі ретінде оның іс - әрекеті әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады және оның нақты нысандары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрәкетін қамтамасыз ететін тәртіпті қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан барынша өз қалауы бойынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруды және олардың нарықта кәсіпкер ойлағандай өткізе алу құқығын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелереі бұларды өз қалауыншаа пайдалана алады. Әрбір адам өз қолынан келетін қызметпен айналысуға құқығы бар. Кәсіперлікке тін тағыц бір қызмет – шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кірісер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап білу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауіп-қатеріне оның тәуекелдік негізінде мүмкін болатын және шын мәніндегі шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл – ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары, экономикалық жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі ролі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық – нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасау қажет. Субъективті негіздегі қиындықтарға, негізінен былайша түсіндіруге болады. Қоғамның сана – сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрі тиімді реакциясы толық әдетке енбнген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыры мен сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың тиімділігі - өнім өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндірістер шектеуші тауар ассортиментін шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін. Шағын бизнестің дамуы транспорт шығындар мен өнімдердің құрып қалуы қаупін төмендетеді.Сонымен, шағын кәсіпорындар – негізінде алып инфроқұрылымдық бөлімдердің ( қоймалық,арнаулы комуникация лар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнім дайын болған кезінде реализациялау тез жүреді. 2007 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 29 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, ол 2006 жылғы 1 қазандағы деңгейден 11,6% көп. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 48,5 мың адамды құрады, ол 7,3%-ға көп. Шағын бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілері 46,5 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, ол 2006 жылдың тиісті кезеңінен 5,8% көп. Ауыл шаруашылығы саласында өндірістің 34,1% өскені байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 6,9 млрд. теңге салық түсті, ол 28,5%-ға көп. 2007 жылдың қантар-тамызында екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес субъектілеріне 23,7 млрд. теңге несие берді, өткен жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 37,4% көп (2006 ж. – 17,3 млрд. теңге)./4/ Сондықтан экономиканың одан арғы даму кезеңі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қажет (құқықтық, салықтық) талаптардың жасалуымен байланысты болады. Соңғы он төрт жылдықта шағын бизнесті қолдау және дамытуға бес мемлекеттік бағдарламалар жасалды және қабылданды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын ( 1992 – 1994 ж.ж., 1994 - 1996 ж.ж., 1999- 2000 ж.ж., 2001- 2002 ж.ж.) талдау, оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. 1992 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” маңызды заңы қабылданды. 1992-1994 және 1995-1996 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылды, соған қарамастан республикада жеке кәсіпкерліктің құрылуы мен қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға несиелік көмек көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін, соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау енгізілді. Сол кезеңде тауарлық биржалар, бағалы қағаздардың биржалары, валюталық биржалар, тұтас делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады.

2 ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мемлекеттің ынтасымен құрылған ұйымдар - кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамытудың қайнар көзі

Қазақстан Республикасындағы жекеменшік кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат жоғары қосылған бағамен жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға тұспалданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта класты құруға бағытталған. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі ретінде тапсырмасын шешу қарастырылуда. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Қазақстан Республикасында ондай ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады. - мемлекеттік және мемлекеттің ынтасы бойынша құрылған ұйымдар; - мемлекеттік емес ұйымдар; - халықаралық және шетел ұйымдары; - коммерциялық ұйымдар. Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету ұйымдардың барлығында өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Кәсіпкерлерге байланысты шешім қабылдау кезінде біреулері коммерциялық мақсаттарды алға тартса, екіншілерінің басшылықтарында өз мүдделерін қанағаттандыратын адамдар болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға жауапты және саясатты іске асырушы жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет және Президентке есеп береді. Мемлекетік органдар өкілеттігін бөлу кестесі 1-суретте көрсетілген. Ұйымдастырушылық ИСМ құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді. Негізгі құжаттарда көрсетілгендей Департамент қызметін реттеуші негізгі мақсаттар мыналар: - кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында мемлекеттік саясатты құрастыру; - кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндік жасау; - инвестицияны тарту бойынша шараларды құрастыру; - Департамент міндетіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын бақылау. Көрсетілген қызметтерден басқа Департамент бизнестің дамуына кедергі жасайтын төрелердің заңға қарсы істері жайлы кәсіпкерлердің шағым және өтініштерін қарастыруға міндетті. Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді.)./5;6-б./ Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппараттарымен ұсынылған, олардың құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы органдарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген. Осыған байланысты, мемлекеттік атқарушы органдары кәсіпкерлік және мемлекет арасындағы қарым-қатынсаты түзетін негізгі тізбек болып саналады. Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, затты – техникалық, ақпаратты – сараптамалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқарушы ұйымдарға төмендегі мемлекеттік компаниялар жатады. - «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ (Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологияларды тасымалдау мақсатымен Қазақстандағы экономиканың нақты салалық секторындағы бәсекелестікті көтеру, сонымен қатар, республикадағы инновациялық қызметті жандандыру). - «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты құру саласында ақпаратты-сараптамалық, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетеді - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - шағын және орта бизнеске несие беру бойынша қаржы қолдауын жүзеге асырады; - «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - жоспарларды қаржыландыру және кәсіпкерлік ынтаға инвестиция тарту арқылы қаржылай көмек береді; - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – алдыңғы қатардағы, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып құралдар мен өнімді зерделей өндіруші кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестициялау жолымен қаржылық қолдау көрсету; - «Қазақстанның даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау; - Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ – құралды-техникалық қаржыландыру енді құрылып жатқан кәсіпкерлікке қолдау жасау. Бұл ұйымдар мемлекетпен не үшін, қандай мақсаттарға құрылғанын және жұмыс жасау барысында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін қарастырайық. «Технологиялар трансферті және инжиниринг орталығы»АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын орындау үшін құрылған. Орталықтың негізгі қызметі: - инжиниринг қызметтерді көрсету; - алдағы шетел технологиялырының және басқа да инновациялық өнімдердің және олардың Қазақстанда енгізу трансферті; - технологияны трансферттеу кезінде заңды және ақпараттық, кеңестік қызметтерді көрсету; - технологияның сыртқы және ішкі маркетингі және әлемдік тенденцияны сараптау. Орталық Қазақстан экономикасының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда. «Виртулды технопарк» концепциясы құрылған. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды құру жоспарында Қазақстан бойынша таратылған дамыту институттарының барлығын біріктіру ойын жетілдіруде, оның бір жартысы Алматыда болса екінші жартысы Астанада. Бюрократиялық шығындарды барынша кеміту және оған қол жеткізу мақсатында қоғамдық салалық бірлестіктер мен халықаралық дамыту ұйымдарының, дамыту институттарын бір мекемеде «Инновациялық дамыту ұлттық орталығында» орнату жобасы қаралуда. Қазіргі таңда орталықта өнімдердің жаңа түрлері бойынша оптикалы – талшықты кабелдер және композиторлы – трубаларды, лазерлі компакт дискілерді DVD, DVD-R, CD, CD-R, үлкен және шағын дүкендер үшін электронды таразылар мен кассалық аппараттарды өндіруді ұйымдастыру бойынша келісімдер жүргізілуде./6;4-б./ Орталықтың екінші қызметі – бұл инжиниринг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру. Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет - жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның хылақаралық стандарттары және экологиялығы. «Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ - 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Орталықтың негізгі қызметі: - отандық және халықаралық рынокқа және экономика секторы мен салаларына, негізгі бет алысты анықтау үшін әртүрлі өндірістерге, Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтау үшін сараптама жасау; - инвестициялық жобаларға олардың басыңқы бәсекелестікке мүмкіндігі бар затына сараптама жүргізу, табыстылығы және артықшылығы; - Қазақстан Республикасындағы экономикалық байланыстық пен іскер ортаға сараптама жасау. Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты – анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату. Қазіргі таңда Орталық тек қана ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша жобалармен жұмыс жасауда. Орталықтың Web-сайты арқылы зертеулер барысында жинақталған экономиканың өрісі және саласы бойынша ақпараттарды тарату. 2004 жылы Орталық, 23 зерттеулік жобаларды жүзеге асырды, оның ішінде: - Қазақстандағы ақпаратты технологиялырдың даму мүмкіндіктеріне маркетингті сараптама жүргізу. - Қазақстан Республикасындағы химиялық өндірісті дамытудың басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама; - Қазақстан Республикасындағы машинақұрылысы дамуының басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама; - Қазақстан Республикасындағы тағам өнімі дамуының бағытын және басыңқылығын зерттеу. - Қазақстан Республикасындағы құрылыс құралдарын дамыту басыңқылығына және жағдайына сараптама. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қордың негізгі міндеттері бекітілді. - шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету мемлекеттік бағдарламасын құруға және іске асыруға қатысу; - шағын кәсіпкерлік субьектілерін бағытты несиелеу; - екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін субьектілер пайдасына кепілдеме беру. Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді. Қор Қазақстанның барлық қалаларында бар сонымен қатар Астана қ. Қордың қарыз беру қоржыны 205 жылғы 1 қаңтарына 15,4 млрд теңгені құрады. Ол жеке қордың және республика бюджетінің және Дамыту және Қайта орнату Еуропалық Банк қарызы және Азия Даму Банкінің қаражатынан жинақталған. Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады. - Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ); - Даму және Қайта орнату Еуропалық Банктің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары); - Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге); - Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы. Қормен жүзеге асырылатын Бағдарламалар несиелеудің тікелей несиелеу түрін ұсынады, факторинг, қаржылы лизинг, несиеге кепілдеме беру, ОШК жүзеге асыратын жобаларға қаржылық көмек көрсету. Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд.теңгеге қаржыландырылды.. «Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғарғытехнологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолғабыс жасау. Инновациялық қордың міндеті: - инвестицияларды тарту және инновациялық жобаларды қаражаттандыру; - маркетингті зерттеулерді жүргізу; - қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаражаттандыру және тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу; - сыртқы рынокқа отандық иновациалық өнімдерді жылжыту; - инновациялық жобалар бойынша мәліметтер банкін құру, тиімді жоспарлардың барлығы туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру; - технопарктерді, бизнес-инкубаторларды және басқа да инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу./5; 20-б./ Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады: - ҚР аймағында еншілес қорларды құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау; - инновациялық жоспарларды жүзеге асырушы компанияларды инвестициялау; - ұлттық инновациялық инфрақрылымының элементтерін құруды инвестициялау. (технопарктерді, технологиялық бизнес-инкубаторларды). Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясы/үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу 2004 жылы қорға 219 жоба түсіп, оның 5 жобасы еншілес қорды құруға, 71 инновациялық жобаны құруға, 141 жоба ҒЗТКЖ құруға, 2 жоба инфрақұрылым элементтерін құру үшін жұмсалады. Қор әкімшілік және кәсіпорындармен тұрақты түрде байланыста. Аймақтағы қызметтер бойынша Астана қ. Алматы қ. Алматы, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарында аймақтық шаралар өткізіліді. Алматы қ. Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстары әкімшіліктерімен, (Орал қ.) «Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ, (Ақтөбе қ.)«Инновациялық енгізуші орталық» ЖШС қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды. Қор заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әртүрлі шараларды өткізіп тұрады. Оның мақсаты тиімді ынталарды жүзеге асыру және оларды анықтауға бағытталған. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы, экономиканың шикізат саласында емес жеке сактор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске асыру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады. Қорға жүктелген негізгі міндеттер: - жаңа және заманның талабына сай технологияларды қолдана отырып құралдар мен шикізатты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру; - ҚР корпоративті бағалы қағаздар рыногын дамуына жағдай жасау; - шетелдік және отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға қатысу; - қазақстандық кәсіпорындардың шетелдегі инвестициялық активтерін көтеруге қатысу. Қор 49% - ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қор инвестор ретінде жобаны іске асыру барысында болуы мүмкін тәуекелді де табысты да бірге бөліседі. Жоба іске асыру сатысынан өткеннен соң және өндіру және сату бірқалыпты деңгейіне жеткеннен кейін Қор өз үлесін стратегиялық әріптестеріне немесе басқа акционерлерге сату арқылы жобадан шығады. Қаржыландырудың тиімді бағыттары. - құрылыс материалдарын өндіру; - химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсібі бұйымдарын өндіру; - өндірісті өңдеуші аграрлы саланы дамыту; - жоғары сапалы көкөніс өнімдерін өндіру; - Қазақстандағы өндірітің жалға алуын дамыту және құру; - жоғары қосылған баға өнімдерін дакмыту және құру, сонымен қатар басқа да салаларды. Қазіргі таңда Қор 70млн АҚШ долларын 20 жуық жобаны қаржыландырды. 2006 жылы Қор 1,1 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландыруға кірісуде. Олардың ішінде керамикалық плиткаларды жасау, мұнайгаздық құралдарды, спортты-аңшылық және суық қару оқтарын, құрылыс қыштарын, базальтты талшықтарды, шыныпластикалық трубаларды, көкөніс зауотын жаңаландыру, бидай жинайтын комбайындарды шығарушы ОК құру және т.б бойынша жобалар бар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестицияларды тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2001 жылы 25 сәуірде құрылды. Экономикалық қызметтің Жалпы классификаторларына (ЭҚЖК) сәйкес Даму Банкі несиелеу үшін инвестицияның негізгі салалық басыңқылығы болып мыналар саналады (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; тігін және жүн өндірісі; аяқ киім терісін және тері өнімдерін, теріні өндіру; ағаштан өндірілетін бұйымдарды өндіру және ағашты өңдеу; баспа ісін санамағанда целлюлозды-қағазды өнеркәсіп; химиялық өнеркәсіп; пластмассы және резіңке өнімдерін өндіру; дайын затты өнімдерді өндіру; машина және құралдарды өндіру; электрқұралдарын, электрлі және оптикалық құралдарды өндіру; көлік құралдарын және құралдарды өндіру; газ және суды, электрэнергиясын тарату және өндіру; көлік және байланыс). Инвестициялық жобаларды несиелеу кезінде, әлемдік рынокқа шығу жоспарымен жасалынған жобаларға және бағасы жоғары қосылған технологиялық байланысты өндірістердің жолағын құратын жобаларға басыңықылық береді. Даму Банкі өзінің несиелік қызметінде несиелеудің төменгі түрлерін қолданады:: орташұғыл және ұзақшұғылды несиелеу, сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру; қоса қаржыландыруды қосқанда, несиелеу және қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокта жылжуын қамтамасыз ететін экспортты операциялар. Даму Банкі инвестициялық жобаларды және экспортты операцияларды таңдаған кездегі басты ережесі: - инвестициялық жобалардың салалық басыңқылықтарға сай келуі; - жобаның өзін-өзі ақтауы және тиімділігі; - жобаны іске асыру барысында құрылатын өнімнің өтуін қамтамасыз ету және шикізат қорының жеткілікті болуы. - жоба шешімдерінің технологиялық және техникалық тұрғыдан негізделуі; - экологиялық талаптарды сақтау; - жоба құжатының толық және сапалы болуы; - институтционалды тұрғыда жетілдірілгендігі, мамандандырылған менеджменттің боуы; несиелеуді қамтамасыз ететіндгінің дәлелі; - қарыз алушыға қойылатын талаптардың барлығын орындау (несиені төлеу мүмкіндігі, төлей алатындығы, қаржылық тұрақтылық және т.б.). Ұйымдардың, шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу бойынша қоятын талаптары жайлы толық ақпаратты мемлекеттің қолдауымен құрылған «Шағын кәсіпкерлікке қаржылы-несиелік қолдау көрсету» методологиялық құралынан ала аласыз. Қазіргі таңда Қазақстанда, жоғарыда айтылған даму институттарынана басқа құру және дамыту бойынша технопарктер, бизнес-инкубаторлар және өндірістік аймақтар кең қолданысқа ие болды. Кәсіпкерлікті дамыту институттарымен қоса шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005-2007 жж бағдарламасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік саласында заңнаманы жетілдіру керек. Кәсіпкерліктің өзі нормативтік актілерге өзгертулер енгізіп, заңнаманың максималды мөлдірлігін тілейтіні бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда кәсіпкерлік Үкімет Регламентіне өзгертулер енгізіп, мемлекеттік органдарды заңдар мониторингін қадағалауын, сол мониторинг бойынша жоғары инстанцияға меморгандардың периодты есептілігін жүзеге асыруын талап етеді, әрбір нормативтік актіні, заңды нақты құзіретті органға бекітілуі керек (ол өз кезегінде заңдық актілердің сәйкестігін, оның қызметін тоқтату мерзімін айқындауы тиіс). Мемлекеттің кәсіпкерлікті артық әрі тиімсіз реттеуінің алдын алу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты нормативтік актілер проектісін жасауда сол актінің әсерін детальді түрде болжау қажет. Қабылданатын нормативтік актінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін нақты механизмін, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік салдары мен кәсіпкер шығыны,пайдасына қаржылық әсерін талдау қажет. Экономиканы дебюрократизациялау және әкімшілік кедергілерді жою шаралары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъекілерінің қызметін реттеуді минимизациялау мен максималды қолайлы режим тудыру қажет. Сол үшін әкімшілік айыппұлдар, заң бұзғаны үшін айыппұл көлемі төмендетілетін болады. Мемлекеттік монополия өкілеттігі анықталып, лицензия туралы жаңа заң шығады, оның шегінде лицензиялық тәртіптің қолжетімділігі мен мөлдірлігін қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Сертификация, стандартизация, аккредитация аясында да халықаралық нормамен сәйкестендіріліп, ДСҰ заңнамасы негізінде жүзеге асырылады. Аталған шаралардың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің аясы кеңіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың көлеңкелі экономикаға өтуіне кедергі болады./7/

2.2 Мемлекеттік емес ұйымдар кәсіпкерлік және билік арасындағы қарым-қатынс құралы ретінде

Қазақстандағы нарықтық реформаларды өткізудің басынан бастап шағын кәсіпкерлік экономиканың бөлек бір саласы ретінде өз бетінше өркендей бастады. Өз құқығын және мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін айта отырып заңды мәртебесін алды. Бұған қарамастан шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік саласына едәуір әсер етпейтінін мойындау қажет. Атқарушы және заңды билік өкілдері, барлық дәреженің саясаткерлері экономиканың дамуы үшін шағын кәсіпкерліктің маңызды екенін мойындауда. Оны барлық тарапынан қолдап, қолғабыс жасау үшін барынша бағыттарын өзгертуде. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша заңдар қабылданып, бағдарламалар бекітілуде. Дегенмен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін шағын кәсіпкерлік маңызды рөл атқаратынын билік органдары мойындағанымен басында пайда болған мәселелер бүгінгі күнге дейін соңына дейін шешілмеген. Бұл мәселелер мынадай: - әкімшілік кедергілер; - кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытудағы кемшіліктер; - қаржылық-несиелеуді қамтамасыз етудің жетілмегендігі; - ақпараттың жетіспеушілігі; - кәсіпкерлердегі білімнің төмендігі. Бұл мәселерді шешу үшін, мемлекеттік құрылымдардың қолдауынан басқа экономикалық, әкімшілік саясатына әсер ету мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды да құру қажет. Ары қарай бұл бірлестіктердің шағын және орта бизнестің даму процессіндегі рөлін анықтаймыз. Бизнес және билік арасындағы қарым-қатынс құралы ретінде қолдану және құрудың қажеттілігін айту. Мемлекеттік емес ұйымдар (МЕҰ) – бұл заңға қайшы емес жалпы мүдделерге қол жеткізу үшін еркін негізде Қазақстан азаматтарымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Азаматтық қоғамды құру мәселелері бойынша, әлеуметтік проблемаларды шешу барысында мемлекет және азаматтар арасындағы делдал қызметті атқара отырып МЕҰ қоғамдық қатынастарды реттеуші механизмдердің бірі деуге болады.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар қоғамдық бірлестік, қорлар немесе заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастық (одақ) үлгісі ретінде де құрылуы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың өз еркімен біргелесіп құру нәтижесіндегі ұйым. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мүдделерін және саяси, экономаикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатында құрылады. Қорлар болып, жеке мүліктерін өз еркімен енгізу негізінде заңды тұлғалар және азаматтармен құрылған мемлекеттік емес ұйымдар мойындалады. Коммерциялық ұйымдар олардың кәсіпкерлік қызметін координациялау мақсатында, жалпы мүліктік және басқа да мүдделерді қорғау және ұсыну өзара келісім-шарт арқылы, сонымен қатар біргелесіп коммерциялық емес ұйымдармен қауымдастық (одақ) үлгіде бірлестіктер құруларына болады. Барлық кәсіпкерлік қауымдастықтардың қызметтері функциялардың бірқалыпты теруін енгізеді: - мемлекеттік саясат мәселелері бойынша мүшелердің коллективті позициясының көрінуі, олардың корпоративті шешімдеріне тиісті мемлекеттік шешімдерді орындауға қатысу; - өз мүшелері арасындағы іскерлік қатынастарды ұйымдастыру, дөңгелек үстел және семинарларды ұймдастыру; - кәсіпкерлік қызметті өз секторында немесе өзінің жергілікті аймағында координациялау; - сыртқы экономикалық қатынастарды түзуге қауымдастық мүшелеріне қызметтер мен көмектерді ұсыну; - ақпараттық қолдау. Қауымдастыққа кіру үшін әдетте кіріс жарнасын төлеп, басқарушы атына өтініш жазған жеткілікті. Кейде бірлестіктің басқа мүшелері мінездемелерін талар ету мүмкін. Төменде Қазақстанда жұмыс жасайтын кейбір бизнес-қауымдастықтар туралы қысқа мінездемелер және тізімдер көрсетілген. Қауымдастықтар туралы толыққанды мәліметтер олармен байланысу ақпараттарымен қосымшада көрсетілген. «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын. Қайта құрылған бірлестіктің басты мақсаты болып бекітілген: - отандық бизнес мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру және мемлекеттің әлеуметті-экономикалық бағдарламаларын іске асыру және координациялау, оны құруға қатысу; - отандық бизнесті құруға және әлеуеті төмен халықты қолдауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтк бағдарламаларын орындауға қатысу, ұлттың денсаулығын нығайту, білімді және мемлекеттік тілдің рөлін дамыту және республикадағы конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарды нығайту; - әртүрлі деңгейдегі атқарушы және заңды билік органдарына нормативті құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өңдеулерді іске асыру; - кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша халықаралық және қазақастандық мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынстарды дамыту және бекіту. Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнайгазды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен – металургиялық кәсіпорындар, сүт және сіт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, IT-компаниялар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіруші және инжиниринг компаниялар кірген. «Атамакен» Одағының филиалы республиканың барлық аймақтарында құрылған. Қазіргі таңда Одақ өкілеттіктерін аудан және қала орталықтарында құру жүзеге асырылуда. «Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдігі, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды. Форумды құру мақсаты – кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру. Форумның қызметі форум мүшелерінің мүдделерін және құқығын қорғау; кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы жобаларды және іске асыруға, координациялауға, өңдеуге көмек; ғылыми-методологиялық және баспа ісі бойынша ақпаратты-кеңестік жұмыстарды ұйымдастыру болып табфлады. Бұл республикадағы танымал, үлкен, белсенді жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктердің бірі. Бірлестіктің қызметі салмақты саяси беделге, экономиканың барлық салаларының кәсіпкерлерін, қоғамдық ұйымдардың, мемлекет, министрлік және ведомствалардың басшыларымен үлкен көлемдегі кездесулер мен форумдарды өткізу барысында ие болды. Кәсіпкерлердің алғашқы форумы 1992 жылы маусымда «Қазақстанның жастар одағы» атауымен өтті. 2003 жылға он шақты форум өткізілді. 1998 жылы «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымдастырушылық құрылымды құруға бел буды. (ҚКФ) қоғамдық бірлестік үлгісінен соң, қоғамдық бірлестіктен заңды тұлғалар бірлестігіне ауыстырылды. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы құрамына кіретін кәсіпорындардың саны – 120.484, қазіргі таңда «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымының Қазақстанның әр бір аймағында облыстық филиалдары құрылған. «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ 2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Оның мүшелері 10 аймақтық палата болды. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында шағын кәсіпкерлікті қолдау басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Мекен-жайлық, статистикалық, көрмелер бойынша, рынок жөнінде мәліметтер мен ақпаратты берумен айналысады. Тез арада істің мән жайы анықталып «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдары бойынша қателер жіберілгендігі дәлелденді. Қостанай қ. прокуратурасының жүргізген тексерулері барысында Қостанай қ. ҚР АШМ аймақтық басқарма заңсыздықтарды жою бойынша өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды жүргізді. Бұл прокуратура органы мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің біргелескен сәтті істерінің бірі. Ол бірлестіктер беделінің қаншалықты жоғарылағанының дәлелі. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің көптеген бірлестіктері, мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің мүдделерін қарастыратын атқарушы билік жанындағы сараптамалық кеңестердің, комиссиялардың, әртүрлі комитетермен жұмыс жасау қарым-қатынастың түрлерін игерді. Айта кетерлік жайт, мемқұрылымдармен сұхбатты жүргізу нәтижелері өз жемісін беруде. Кәсіпкерлердің жолданымдарына назар аударулардың жоғарылауы және қатынастардағы бюрократиялық шектеулердің кемігендігін көруге болады. Нақты жетілген нәтижелер туралы айту әлі ерте, алда әлі жұмыс көп. Дегенмен, алға жылжушылық көрінуде, ертеңгі күнге деген сенім нығайуда.

2.3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудағы халықаралық және шетел ұйымдарының орны

Халықаралық және шетел ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлігін дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Қомақты қаржы қаражаты мен интелекті ресурстар осы бағытта жұмыс жасайтын қазақстандық жобаларды қолдауға жұмсалуда. Халықаралық ұйымдардың бағдарламалары ұзақ мерзімді, мақсатты, сипатты болып келеді. Басты кезекте кәсіпкерліктің дамуына қолдау жасайтын толыққанды инфрақұрылымды құру, ақпаратты және кеңесті қызметтерді көрсету, мамандарды қайта даярлау және тематикалық зерттеулерді жүргізу, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінгі күні ҚР территориясында 150 жуық аккредиттелген шетелдік және халықаралық ұйымдар қызмет етуде. Олар әдістемелік және ақпаратты қолдау қазақстандық субъектілеріне қоғамдық ұйымдарына және елдің мемлекеттік институттарына сонымен бірге ресурсты шағын және орта бизнес көрсетеді. Бұл ұйымның қызығушылық ортасы өте кең және әлеуметтік қорғамалған тұрғындар қабатымен қызмет атқаратын қоғамдық бірлестіктерге қолдау және фундаментальді және ғылыми – зерттеулер саласында халықаралық жобаларға қатысу, белгілі бір аймақтық экологиялық мәселелерін шешу, шағын және орта бизнестің дамуына қолдау және т.б. көрсетеді. Қазақстан Республикасында өз қызметінің нәтижелері бойынша танымал халықаралық ұйымдар: -Жаңғырту және дамыту Еуропалық банкі (ЖДЕБ); -Халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі (USAID); -«Еуразия» қоры; -Әлемдік банк; -Техникалық қарым-қатынас бойынша Германдық қоғам (gtz); -Тәуелсіз мемлекеттерге техникалық қолдау бойынша Еуропалық Комиссия Бағдарламалары. (ТМТҚЕКБ). Жаңғырту және Дамыту Еуропалық банкі – 1991 жылы құрылды. Ол халықаралық коммерциялық ұйым болып саналады. Оның негізгі рөлі – Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) орталықтандырылған жоспарлы экономикасынан нарықтық экономикаға өтуге көмек беру. Қазіргі таңда банк шағын және орта бизнесті несиелеу Бағдарламасын орындауда. Бағдарлама аясында банк қарызының үш түрін беруге мүмкіндік бар: а) экпресс-микронесиелеу; б) кішінесиелеу; в) шағын несиелеу. Халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі – тәуелсіз үкіметтік агенттік, 1961 жылы Президент Джон. Ф. Кеннедимен құрылды. USAID штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан, USAID миссиялары әртүрлі елдерде бар. 1961 жылдан бастап USAID, АҚШ-тың халықаралық аренадағы мүдделерін қорғау және дамытуға қолдау жасау мақсатында басқа елдерге көмек көрсету америкалық бағдарламаларын іске асырады (инвестицияны және сауданы дамыту бойынша жоба (TFI); кәсіпкерлікті дамыту бойынша жоба (EDP); қаржы секторын дамыту бойынша жоба(FSI)). Жобаларды іске асыру халықаралық тәжірибеде негізделген мемлекеттік және құқықтық құрылымның тиімді дамуын, кәсіпкерлік саланы реттеу бойынша мемлекеттік секторды консультациялауды, шағын кәсіпкерлік инфрақрылымын құру арқылы бизнес-орта дамуына қолдау жасауды қарастырады. Еуразия қоры – USAID халықаралық дамыту бойынша АҚШ Агенттігі бөлген қаражатына 1993 жылы құрылды. Оның мақсаты Бұрынғы Совет Одағы (БСО), он екі Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттерде рынокты институттарды дамыту болды. Бұл мақсатқа жетудің басты ЖТМ ұйымдарының талаптарына жауап беретін шағын гранттар бағдарламасы. Кәсіпкерлікті дамыту орталықтары (КДО) ЮСАИД бағдарламасының басты түйіні болып табылады. КДО -да қызмет атқару үшін жоғары мамандандырылған жергілікті және шетелд мамандары алынады. КДО техникалық көмегі: • бизнес консалтинг қызметтері; аймақтық сауданы дамыту; • бизнес тренингтер; бухгалтерлік есеп реформасы; сапаны басқару; • бизнес – ассоциациясының дамуы; кедендік қызмет реформасы. • жобаларды қаржыландырумен байланысты кедергеілерді жою; Ұйым мүшелерін бағалау және таңдау критериилері • шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ортаны жақсарту; • бизнес үшін ортаны насиғаттауда ұйымның мүдделенуі; • демократиялық басқару; • бизнес үшін пайдалы қызмет көрсету мүмкіндігі және қабілеті; • қаржылық тұрақтылықты қолдау мүмкіндігі және қабілеті; • нақты нәтижелерді белгілі бір мерзімде жету қабілеті; • географиялық жағдайлы білім мекемелерімен серіктестік жасасу. Ереже бойынша Қор өз бағдарламаларын басқармайды, ол ізденушілермен дайындалған және ұсынылған жобаларды қаражаттандырады. Уақытқа байланысты қор басыңқы облыстарда үлкен бағдарламаларға әкімгерлік етеді және бастамашысы болады. Қазіргі таңда Қор осындай үш бағдарламаларды басқаруда: - Жеке кәсіпкерлікті дамыту (бағдарлама жеке кәсіпкерлердің санын ұлғайтуға және кәсіпкерлікті шұғыл дамытуға бағытталған); - Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі басқару (бағдарлама азаматтардың сұраныстарына жауап беретін, және олардың алдында жауапты орган биліктерінің тиімді жолдарын құруға бағытталған); - Азаматтық қоғам (бағдарлама азаматтардың саяси және экономикалық шешімдерді қабылдау процессіне қатысуын мақсат етеді). Еуразия Қоры жоғарыда айтылған бағдарламалық бағыттардың әрқайсысында кадрларды даярлауға бағытталған бағдарламаларға, тұрақты қаржы механизмін дамытуға, қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыруға жағдай жасаған. Қор бірнеше бағдарламалық бағыттар тақырыбын біріктіретін жобаларға назар аударады және басқа аймақтардағы ұйымдармен кеңестенуге және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік жасаған. Қордың Алматыда, Вашингтонда, Владивостокта, Ереванда, Киевте, Москвада, Саратовта, Ташкенте, Тбилисиде өз бөлімшелері бар. Әрбір аймақтық бөлімшелер өз аймағы үшін құрылған стратегияларды іске асыруға және ұсынылған грант бағдарламаларын құруға жауап береді. Қордың Вашингтондағы бас офисі бағдарламаларды басқару және жалпы жоспарлауды жүзеге асырады, сонымен қатар ЖТМ әріптестерімен бірге жобаларды іске асырушы шетел ұйымдарына гранттарды береді. Еуразия Қоры өз өкілдіктерінің жүйесі бойынша жыл сайын 20 миллион долларға жуық 1000 астам гранттарды береді. Қордың аймақтық өкілеттігі жергілікті ұйымдарға гранттарды беру туралы шешімдерді өз еркінше қабылдауға өкілетті. Бұл орташа есеппен алғандағы 20 мың долларға теңестірілген гранттар Қор, грант ретінде берген барлық қаражаттың 80 % құрайды./8/ Қор, көптеген гранттарды «ашық есік» негізінде береді. Гранттарға берілген өтініштер түскен бойда қарастырылады. Өтініш беру мерзімі шектеусіз. Қор, өтініштерді қабылдау және қарастыруға қосымша арнайы бағдарламаларды өткізеді. Оның аясында бір тақырыппен бірлестірілген бірнеше жобалар қаржыландырылады. Өткізілмек байқаулар туралы ақпараттарды Қордың аймақтық өкілеттіктерінен алуға болады. Қазақстан Республикасындағы Тасис Байланыстырушы бюросы. Тасис Бағдарламасы – бұл демократиялық және экономикалық дамыған мемлекет дәрежесіне жетуге және ТМД мен Монғолия елдеріне өтпелі кезеңнен өтуге өтеусіз көмек беру үшін арнайы құрылған 1989 жылдан бастап жұмыс жасаушы Еуропалық одақ ынтасының атауы. Бағдарлама, Еуропалық Парламенттің демократиялық ынтасының бір бөлігі іспеттес. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Комиссия арасындағы байланыстың бекемедігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, екі тараптың да мүдделерін іске асырып, жемісті жұмыстарға қол жеткізу үшін Қазақстанда Байланыстырушы Ұлттық Байланыстырушы басқаратын Тасис бюросы жұмыс істейді. Байланыстырушы бюроның барлық қызметі, ұлттық құндылықтарды анықтау, қаржыландыруға ұсыныстарды бағалау және жинау, барлық деңгейдегі жобаларды іске асыру бойынша істер, ақпараттарды тарату еуроппалық кеңесшілері бар Ұлттық Директор басшылығымен өткізіледі. Тасис – ТМД елдеріне техникалық көмек беру үшін гранттарды беретін әлемдегі негізгі бағдарламалардың бірі болып саналады. Техникалық көмек, тәжірибемен алмасуды жеделдету, жаңа технологиялармен алмасу, жүйелі ақпараттық құрылымдарды, сонымен қатар тығыз әріптестік қарым-қатынастыр орнату мақсатында ноу-хоуды беру үшін өтеусіз гранттарды ұсыну түрінде көрсетіледі. Көмек көрсетудің негізгі мақсаты – қоғамдық құрылғының барлық сатысында тиісті құрылымды құру. Қазақстан үшін бұл көмекке қосымша басыңқы бағыттардың нақты құрылымын көрсетті: - адам ресурстарын дамыту және мемлекеттік басқару жүйесін қайта ұйымдастыру; - жеке саланың дамуы және мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру; - тамақ өнімдерін бөліп тарату және қайта өңдеудің тиімді жүйесін құру және ауылшаруашылық; - инфрақұрылымның, энергетиканың, телекоммуникациялық жүйелердің, көліктің дамуы; - қоршаған ортаны қорғау мен яддролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - экономиканың қаржылық саласын дамыту және қолдау. Кәсіпкерлерді оқыту бойынша халықаралық ұйымдар мыналарды жүзеге асырады: - бизнес және оқыту бағдарламаларын құру және енгізу; - мамандандырылған консультациялық қызметтерді дамыту; - сенімді корпоративті басқаруды және бизнес тәжірибесіне этикалық нормаларды енгізу; - шағын кәсіпкерлік үшән ақпараттық қорды дамыту.

2.4 Кәсіпкерлікті дамытудың жанама жолдары (коммерциялық ұйымдар)

Коммерциялық ұйымдар, тікелей шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдаумен айналыспайды дегенмен, жанама түрде шағын бизнестің дамуына айтарлықтай әсер етеді. Ондай құрылымдардың ішінен екі негізгі топты ерекше айтып өтуге болады: - банктік операциялардың жеке түрін іске асырушы екінші дәрежелі банктер мен банктік емес ұйымдар, - консалтингті компаниялар. Қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесі, шағын кәсіпкерлікті дамытуда басты маңызға ие. Сол себепті, Қазақстандағы шыған бизнес субьектілерін несиелеу процессі кезінде төменде көрсетілген мекемелер тартылған болатын: - екінші дәрежелі банктер; - несиелеу серіктестіктері; - шағыннесиелік ұйымдар; - лизингті компаниялар. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 35 екінші дәрежелі банктер, 52 несиелік серіктестіктер, 41 банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асырушы ұйымдар қызмет көрсеткен./9/ Кәсіпкерлерді белсенді түрде несиелеуге үлес қосқан Тұран Әлем Банкі, Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық банкі, Центр Кредит Банкі, Алматылық Сауда-Қаржы банкі, Темірбанк банктерін айту қажет. «ТұранӘлем» Банк ҚАҚ Республикадағы ең көне банктердің бірі: Банк тарихы 1925 жылдан басталады. Бүгінде банк акционерлері құрамының ішінде қазақстандық құралтайшылармен бірге, үлкен халықаралық қаржы институттары қатысады: Қайта жаңғырту және Дамыту Еуропалық Банкі, Аустралиялық Райффайзен Орталық Банкі, DEG Германия инвестициялық компаниясы. lFC Халықаралық қаржы корпорациясы, Дамытудың Голланд Банкі. Банк, Қазақстандағы басты коммерциялық банктердің бірі болып, банктер ұсынатын қызметтердің толық тізімін бере алады. Оның негізгі қызметі корпоративті банк операциялары мен қаржы сатуды өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері мен жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен қоса несиелік, төлем карточкалары бойынша жұмыс жасау. Қазіргі таңда ТұранӘлемБанкі негізгі құралдарды алу үшін және айналма капиталын толықтыру үшін несиелеудің түрлі Бағдарламаларын ұсынуда, оның ішінде: - Несиелер, шағын және орта бизнес үшін несие линиялары мен лимиттер; - Овердрафт – қарсы төлемдер негізінде қаржыландыру; - ЖДЕБ бірге шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары; - ЖДЕБ бағдарламасы бойынша несиелер; - KFW линиясы бойынша шағын және орта бизнесті несиелеу; - Asian Development Bank несиелеу линиясы аясында шағын және орта бизнесті несиелеу; - Экспортты – Несиелеу Агенттіктерінің сақтандыруы негізінде қаржыландыру және Экспортты-импортты Банктер кепілдігі. Сонымен қатар, банкпен шетел банктер қаражаты есебінен бірге қаржыландыру құжатты аккредитивті ұсыну бойынша операциялар орындалады. «Казкоммерцбанк» ҚАҚ 1990 жылы құрылған. Қазіргі таңда, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Қазақстанның ең үлкен жеке банкі болып саналады. Банктің негізгі қызметі шетел және теңге валютасы бойынша несиелер мен қарыздарды беру және депозиттерді қабылдау болып табылады. Банк кәсіпкерлікті қолдау бойынша мынадай қаржы бағдарламаларына қатысады: - Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасы; - Бизнесті дамыту үшін экспресс-несиелер. Сонымен қатар, Казкоммерцбанк жеті банк құрамында «Несиелік бюро және несиелік тарихты құру туралы» заңға сәйкес Қазақстандағы алғашқы Несиелік бюро құрылтайшысы болды. Несиелік бюро қарыз алушылар туралы мәліметтер базасын құруға және сақтауға және бұл есептерді несие берушілерге ұсынуға құрылған (банктерге, басқа да халыққа несие ретінде қызмет көрсететін қаржылық және қаржылық емес ұйымдарға) Шағыннесиелеу (микронесиелеу) – кәсіпкерлік ынтаны дамытуға, несие мәдениетіне үйретуге, халықтың экономикалық тараптан белсенді бөлігін өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған несиелеудің бір үлгісі. Микронесиелеу – бұл несиелеудің бір түрі, ол кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға және неғұрлым аз қамтамасыздандырылған азаматтарды қамтамасыз етуге бағытталған. Микронесиелеудің соңғы мақсаты белгілі бір аймақта кедейлік деңгейін төмендеті болып табылады. Шағыннесие ұйымы – айлық көрсеткіштің мыңдық мөлшерінен аспайтын көлемдегі шағын несиелерді ұсыну бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға. Шағыннесие және шағынқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінде әлеуетті қарыз алушыларға өздерінің қауіп-қатерлерін төмендету үшін шағын бизнесті жүргізу бойынша білім және кеңестік көмек көрсетулерді ұйымдастырады. Мемлекеттік статистикалық көрсеткіштің мәліметі бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарына шағыннесие ұйымдарының саны 177 бірлікті құрайды, олардың ішінде белсенді түрде жұмыс жасаушы 40,7% (72 бірлік), уақытша тұрақтанған 10,2% (18 бірлік), бір ұйым жабылу үстінде, қалғандары жетілу кезеңінде Екінші дәрежелі банктерден шағыннесие ұйымдарының айырмашылығының 4 өзгешелігі бар: - мемлекет тарапынан қатаң бақылаулардың жоқтығы; - шағыннесиелеу қызметі лизензияланбайды; - шағыннесиелеу бағдарламасындағы кеңесті-оқытушы элементтерінің бірі; - қарыз алушылардың өзара жауапкершілік негізіне жүктелген топтық несиелеуді дамыту. Микронесиелеу құралдарын мақсатты қолдану бағытталған: • пайдасы тамен азаматтарға өзіндік айнылысуын қамтамасыз ету; • кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау. ҚР мемлекеттік статистикалық тізілімінде 2003 жылдың жағдайында 72 микронесиеленген ұйымдар тіркелген. Олардың ішінен тек қана 5 микронесиелі ұйымдар шағын қалаларда және 7 микронесиелі ұйым – ауылдық жерлерде тіркелген. Микроқаржыландыруды жүзеге асыратын ұйымдар қатарына жатады: • «ҒӨҰ «Микронесие» ҚҚ; • «Кәсіпкерлерге көмек көрсететін қазақстандық қор» ҚҚ; • «Азиялық несие қоры» ҚҚ; • «Қазақстанның несиелі қоры» корпаротивті қор; • «Баспана» қоғамдық ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігі; • «Мөлдір» жалғыз басты аналар ассоциациясы; • «Шаруаларды қолдауқоры»ҚҚ. Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру – кедейшілік деңгейін төмендету және микро- және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген. Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін-өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру түсініледі. Микроқаржыландыру институттарының ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі болуы мүмкін (мемлекеттік коммерциялық емес мекеме, коммерциялық емес қор, өзара кредит берудің кооперативі және т.б.) және қаржыландыру көзімен, қолданыстағы заңнамамен және салық салумен айқындалады. Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес стратегиясы 1998-2000 жылдары микрокредит енгізуге және шағын және орта бизнесті дамытуға негізделді. Қазақстан Республикасында кедейшілікті төмендетудің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында (26.03.2003 ж.№296, өзгерістер 29.09.2003 ж.№992) елде микрокредит берудің қолданысты жүйесін құру мақсатында микрокредит беру қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалатын болады: а) «Микрокредиттік ұйымдар туралы» ҚР Заңын қабылдау; б) микрокредит беру схемаларының барынша орталықсыздандырылуын қамтамасыз ету; в) Қазақстанда микрокредиттік ұйымдар қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау; г) микрокредиттік ресурстарды ұсыну нарығында сұраныс пен ұсыныстар теңгерімін талдауды жүргізу; д) микрокредит берудің негізгі мақсатты топтарын айқындау; е) ауыл әйелдеріне өз бизнесін ұйымдастыруға қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ халықтың осал топтарына, әсіресе жалғыз басты әйелдер мен көп балалы аналарға және басқаларға мемлекеттік гранттар мен кредиттерді басымдықты беруге жәрдемдесу. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе заңды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш - АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда өзіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір бөлмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн.теңге және жабдық, маңдайша және шикізат сатып алуға – қалған 1,4 млн. теңге қажет болады). Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру. Қор, нәтижесінде елдің кредиттік жүйесінің үш деңгейінің біреуін айтарлықтай дамытуға қол жеткізілетін Қазақстанда миркокредит беруді дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 862 қаулысымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжрымдамасына сәйкес микрокредиттік жүйені қолдау екі бағыт бойынша жүргізіледі: - Микрокредиттік ұйымдарды «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен құру және оларды ресурстық қолдау; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың (бұдан әрі - Қор) үлестік қатысумен бағдарламаны іске асыру шеңберінде 30 микрокредиттік ұйым (бұдан әрі - МКҰ) құрылды. Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 98,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 2006 жылы Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 18 млн. теңге 9 МКҰ құрылды (олардың 7 МКҰ 14,0 млн. теңге сомасына қайта қаржыландырылды). - Қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарға кредит беру. Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703, 08 млн. теңге (қойылымы 6 %). 2007 жылы 1 қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) құрылған. Олардың дамуы үшін негізгі алғышарттар экономиканы тұрақтандыру, банктік операциялардың құрылымын өзгерту, халықтың табыс табу деңгейін арттыру және кредиттік ресурстарға әлеуетті жоғары сұраныстың болуы. Екінші деңгейдегі банктер жан-жақты себептер бойынша (кредитті ресімдеу кезінде шамамен бірдей әкімшілік шығыстар кезінде пайздар бірнеше есе өсуі мүмкін, мысалы 2 000 000, 0 теңге және 200 000,0 теңге шығыстарды шартты 20 000,0 теңге ретінде аламыз. 2 000 000,0-нан бұл 1 %. 200 000,0-нан – 10%) ауылдық жерлерге жұмыс істеуге аз барады, осыған байланысты МКҰ ауылдық жерлердегі кредиттік мекемелердің функцияларын өзіне алуы тиіс./23/

ҚОРЫТЫНДЫ

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬но¬микасының негізі. Дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Оның сыртында көптеген басқа да елдердегі сияқты Венгрияда да қол¬даныстағы заңдарға өзгертулер ен¬гізген кезде ол өзгерістердің шағын және орта кәсіпкерлікке қалай әсер ететіні туралы қоры¬тынды жасау міндетті болып табылады. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Елде қазірдің өзінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін негіз қалыптасқанын мойындау қажет. Тіркелген шағын кәсіпкер¬лік субъектілерінің саны жылдан жылға өсіп келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың саны 2 есе артты. Жұмыс істеп тұрған бүкіл шаруа¬шылық субъектілері құрылымын¬дағы олардың үлесінің 91,4 пайыз құрауы да осыны нақты айғақтай¬ды. Қазіргі таңда елде 106 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік өндірген өнімдер мен қызметтер елдің ІЖӨ құрылымында қазірдің өзінде 30 пайыздан асады. Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъек¬тілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіп¬орын¬дармен жұмыс істетуді көздей¬тін жалпыұлттық институттар құ¬рылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құ¬рылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимыл¬дары¬ның жаңа моделін құруға бағыт¬талған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің бел¬сен¬ділігін ынталандыруды көз¬дейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарыл¬ды. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдар¬ламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілді. Бизнесті құру жолындағы көптеген бюрократтық кедергілер біртіндеп алынып тасталуда. Соңғы жылдардың өзінде ғана лицензия¬ланатын 350-ге тарта сан-алуан қызмет түрлері қысқартылды. Кей¬бір лицензияларды беру ісі өңірлік деңгейге ауыстырылып, проце¬дуралар айтарлықтай оңайлатылды. Мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше¬шуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мем¬лекеттік бағдарламалар шеңберін¬де шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымын¬дағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемле¬кеттің эконо¬микалық және саяси тұрақтылығы¬ның берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет. Деген¬мен соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақ¬станда орта тап қоғамның жақсы қалыптасқан, экономикалық және саяси белсенді тобына айнал¬ды деп қазірдің өзінде айтуға болады. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бұдан былай да біздің мемлекетіміздегі басым¬дықтардың бірі болып қала бермек. Таяудағы он жылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 50 пайыздық шекара¬дан асып түседі деуге толық негіз бар. Бұл ірі өнеркәсіп кәсіп¬орындары аутсорсинг арқылы ұсақ кәсіпорындарға жасақтаушы өндіріспен, қызметтер көрсетумен айналысуға жағдай жасайтындай өндіріс көлемінің артуы арқасында мүмкін болмақ. Олай болса мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағыттаған бүкіл күш-жігерінің таяудағы болашақтың өзінде-ақ өз жемісін беретініне нық сеніммен қарауға болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Основы предпринимательского дела./ Под ред. Осипова М.Ю. – М.: ВЕК, - 1996. 2. .“Бизнесті қалай ұйымдастыруға болады?”.Әдістемелік құрал. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры. Алматы, 2005 3.“Жеке кәсіпкерлік туралы заң//2006.07.07 4.http://64.233.183.104/search? 5.Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы” әдістемелік құрал 2005 (ҚР СИМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің қолдауымен) 6.“Егемен Қазақстан” 2007-08-02:Отандық бизнес іс үстінде//ҚОРҒАУҒА ЖӘНЕ ҚОЛДАУҒА ИЕ БИЗНЕС 7.ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер туралы Ереже 8.http://www.e.gov.kz/business/small_bus/inf_structure 9.http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=1006 10.А.Нурсейт, А.Темирбекова “Теория рыночной экономики: предпринимательскии аспект” ОФ БИС Алматы 2000 11.“Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.” ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005 12.“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 28.03.2007 Астана 13.Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 138 бет. 14.Буянов В.П. Управление рисками (рискология)/ Буянов В.П., Кирсанов К.А., Михайлов Л.А. – М.: Экзамен, 2002. – 384с. 15.Тэрпаш Л.Н. Риски в экономике: Учеб. Пособие для вузов/ Под. ред. проф. Швандер В. А. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 380б. 16.Экономика предприятия: Учебник для вузов/ Под. ред. проф. Н.А. Сафронова. – М.: «ЮРИСТЪ», 1999. – 584с. 17.Актуальные проблемы обеспечения конкурентоспособности Казахстана на мировом рынке. Материалы традиционной научной конференции, проводимой в рамках 60-ой научной конференции студентов и молодых ученых КазНУ им. аль-Фараби на тему: «молодежь и наука: творчество и инновации»/Под редакцией Е.Б. Жатканбаева, Г.А. Садыхановой. - Алматы, 2005. - 625с. 18.«Егемен Қазақстан», 8-ақпан, 2006жыл. 19.Курс предпринимательства: Учебник для вузов/ В.Я. Горфинкель, В.А. Швандер, Е.М. Купряков и др.; Под. ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. В.А. Швандера. – М.: Финансы, ЮНИТИ, - 1997. – 296б. 20.И.Т. Балабанов. Риск – менеджмент: Учебник для вузов. – М.: «Финансы и статистика», 1996. – 192б. 21.Экономика предприятия: Учебник для вузов/ Под ред. проф. В.Я.Горфинкеля, проф. В.А. Швандера. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. – 670с. 22.http://www.mit.kz/index.php?p=docs&id_mm=41&id_sm=88&lang=3 23. Родостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. – Алматы: НАК «Центраудит», 1997.

ҚОСЫМША

Шағын және орта бизнес дамуына қолғабыс жасау инфрақұрылым обьектілерінің мекен-жайлары

№ б/б Атауы Деректер 4 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Алматы қ., Гоголь көш, 111 т. (3272) 50-79-79, ф. (3272) 78-07-76 5 «Инновациялық қоры» АҚ Алматы қ. Абай даңғ. 26-А, т. (3272) 59-98-16, ф. (3272) 59-98-39, www.nif.kz 6 «Қазақстанның инновациялық қоры» АҚ Алматы қ.Зенков көш.80, т. (3272) 58-83-33, 59-81-11, ф. (3272) 58-37-99, www.ifk.kz 7 «Қазақстанның даму Банкі»АҚ Астана қ. Республика даңғ.32, т. (3172) 58-02-56, 58-02-58, ф. (3172) 58-02-69, www.kdb.kz

№ б/б Атауы Деректер 8 Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ Алматы қалалық бизнес-инкубаторлар Алматы, Б. Бұлқышев көш, 4Е т. (3272) 79-55-85, ф. (3272) 32-86-86, 32-28-90 «Астана-инновация» Бизнес-инкубаторы Астанақ. Пушкин көш,166, т. (3172) 39-59-00, 39-77-89, ф. (3172) 32-84-88 «Жәрдем» ҚМК Өскемен қ. М. Горький көш. 95 т. (3232) 26-86-21, ф. (3232) 24-46-52 «Содби» бизнес-инкубатор Шымкент қ. Жандосов көш. 73 т. (3252) 57-03-78, ф. (3252) 51-20-03 Мемлекеттік емес ұйымдар 1 «Ақтөбе облысы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер Одағы» ҚБ Ақтөбе қ. Чернышевский көш. 43, т/ф. (3132) 50-40-90 2 «Кәсіпкерлердің Алматылық Қауымдастығы» ЗТБ Алматы қ. Абай даңғ. 1, 519 бөл. т. (3272) 63-96-11, ф. (3272) 63-83-10, www.аaekz.com 4 «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің Одағы»ЗТҚ Алматы қ. Абай даңғ.42/44, 1002 бөл.1003 т. (3272) 93-07-42, 93-54-68, ф. (3272) 92-27-68, www.krrk.kz 5 «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» ҚБ Алматы қ. Жамбыл көш, 111 т. (3272) 50-77-41, 50-77-43

№ б/б Атауы Деректер Коммерциялық ұйымдар 11 «Темір-Лизинг» ҚАҚ Алматы, Абай көш. 68/74 т. (3272) 50-57-60, 50-57-61, ф. (3272) 50-98-40, www.temirbank.kz 12 «Вираж-Лизинг» Алматы, Байзақов көш, 299, т. (3272) 58-46-86, ф. (3272) 47-84-45, www.virazh.kz 13 «АТФ-Лизинг» Алматы, Гоголь көш. 111, т. (3272) 79-80-92, 79-41-34, ф. (3272) 79-35-62 14 «КазАгроҚаржы»ЖАҚ Алматы, Желтоқсан көш. 173/183 т. (3272) 60-73-31, 60-72-76, ф. (3272) 60-73-10 15 «Астана-Қаржы» Алматы, Мауренов көш, 96/77, т/ф. (3272) 58-46-30 16 «Халық-Лизинг» Алматы, Розыбакиев көш, 97 т/ф. (3272) 58-79-60, www.halykbank.kz 17 «БТА-Лизинг» Алматы, Төле би көш. 143-А, т. (3272) 68-02-64, ф. (3172) 58-04-46

№ б/б Атауы Деректер Халықаралық ұйымдар 1 (USAID) халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі Алматы, Қазыбек би көш. 41, т. (3272) 50-76-18, 50-76-12, ф. (3272) 50-76-35, 50-76-36, www.usaid.gov 2 (ASIAN DEVELOPMENT BANK) Азиялық Даму Банкі Астана, Абай даңғ.144, т. (3172) 39-10-88, 39-10-89, ф. (3172) 39-10-87 6 (WORLD BANK) Әлемдік Банк Астана, Самал шағын ауданы. 12, т. (3172) 58-05-55, 58-03-42 Алматы, Қазыбек би көш. 41-А, т. (3272) 98-05-80, ф. (3272) 98-05-81, www.worldbank.org.kz/ 7 (GTZ) техникалық қарым-қатынас бойынша Германдық қауымдастық Алматы, Самал шағын ауданы, 3, 9, т. (3272) 54-37-00, 54-37-04, ф. (3272) 54-37-07, www.gtz.de 8 (ЕБРР) Жаңғырту және Дамыту Еуропалық Банкі Астана, Самал шағын ауданы, 12, т. (3172) 58-02-04, 58-02-01 Алматы, Қазбек би көш., 41а, 4 қабат, т. (3272) 58-14-23, 58-15-76, ф. (3272) 58-14-22, www.ebrd.com

Похожие материалы