Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
Қалдықсыз технологиыларды құрудағы негізгі қағидалар да шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық өнірісті құру жатады.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз технологияның тез дамуына әкеледі.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
- шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
- үрдістің толық жүрмеуі;
- қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім щшығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті метеллургияда әрқашанда минералды шүикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Құрамында мысы бар рудаға – 25 элемент кіреді, оның ішінен 21 – элементі алынады. Полиметаллургиялық шикізаттардан 18 элемент алынады және 40 – тан аса өнімдер алынады.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
1 Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалун мен қалдықсыз технологияларды қолданудың мәні мен мазмұны
- Қалдықсыз технологияларды ұйымдастыру, ондағы өндірісті құру
Қазіргі кезде қалдықсыз өнім өндіретін технологиялар шығарылуда.
«Қалдықсыз технология» термині ең алғаш 1972 жылы Ресей ғалымдары Н. Н. Семенов және Н. В. Петросянов – Соколовтар ұсынған. Ал батыс Еуропа елдерінде қалдықсыз технология теримнінің орнына «таза және едәуір таза технология » термині қолданылады. «Қалдықсыз технология» дегеніміз – адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауда ғылыми әдістерді және құрралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқа да терминдер кездеседі, мысалы «Қалдықсыз технологиялық жүйе» (ҚТЖ). Қалдықсыз технологиялық жүйе дегеніміз – бұл шаруашылық іс әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін бөлек өндіріс немесе өндірістер жиынтығы. Қалдықсыз технология түсінігіне тек қана өндірістік үрдістер бойынша емес сонымен қатар бұл түсінікке соңғы өнімді жатқызуға болады.
Өндірістің қалдықсыз деңгейін бағалау өте күрделі мәселе болып табылады және өндірістің барлық салаларына бірдей жүргізіле бермейді.
Жалпы өндірістің қалдықсыз жұмыс ітеу деңгейін кешенді түрде бағалау мыналарға негізделуі қажет:
- тек қалдықсыз деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін есептеу;
- қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни соңғы өнімнің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау;
- қалдықсыз деңгейін әр өнім бөлігіне шаққандағы қалдық саны арқылы;
Қалдықсыз деңгейін нақты анықтау үшін қалдықтардың улылығына түзетулер енгізу керек. Тек қана салмағы арқылы білу мүмкін емес, мысалы, содалық өндіріс қалдықтары және гальваникалық цехтарда жасалған қоспа. Бір өнім шығаратын бір текті өндірістердің технологиялық сызбаларына салыстырмалы талдау жасау үшін олардың жобалау сатысындағы қалдықтардың зияндылығына түзетушілік коэффициент қолдану мүмкін.
Энергетикалық шығындарды есептеу үшін қалдықсыз коэффициентін ескере отырып өнімнің энергосыйымдылығын қарастыру қажет, тек осы жағдайда ғана қарастырылып отырған өнімнің қалдықсыз жұмыс істеуінің объективті көрсеткіштерін алуымыз қажет. Электроэнергия өндірісіндегі жылу энергия станцияларының қоршаған ортаны ластау ауқымы, өндірісті жаңарту арқылы қол жеткізген экологиялық басымдылықтарды минимумға әкелуі мүмкін. Мысалы, түсті металлургияда қалдықсыз деңгейін шикізатты кешенді қолдану коэффициенті арқылы білеміз. Көмір өндіретін өндірісте осы коэффициент 77 % - дан аспаса ол қалдықсыз болып саналады.
Қалдықсыз технологиыларды құрудағы негізгі қағидалар да шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық өнірісті құру жатады.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз технологияның тез дамуына әкеледі.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
- шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
- үрдістің толық жүрмеуі;
- қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті метеллургияда әрқашанда минералды шүикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Құрамында мысы бар рудаға – 25 элемент кіреді, оның ішінен 21 – элементі алынады. Полиметаллургиялық шикізаттардан 18 элемент алынады және 40 – тан аса өнімдер алынады. Түсті металлургиядағы шикізаттардан алынатын пайдалы элементтер үлесі ең жоғары болып табылады. өндірістік үрдістің әр бір сатысында өнім шығарудың жүруіне радикалды құрал болып технологияның өзгеруі ықпалын тигізеді. Технологиядағы ең негізгі кезең болуға тиісті. Мысал алатын болсақ атом өндірісінің негізіне қоршаған ортаны ластамау немесе зияндылықты төмендету қағидасы қойылаған. Атоммаштағы радон кәсіпорындарында барлық технологиялдық сызбаларда қалдықтарды көму әдістері өте жоғары деңгейде. Экологиялық қауіпсіздік позициясы тұрғысынан қарағанда негізгі мәселелердің біріне жатады. Кәсіпорындарды кооперациялау, аумақтық өндірістік кешенді құру көптеген жағдайда бір өндірістің қалдықтары екінші өнідірістің шикізаты болып табылады. Осыған байланысты «қалдықтар» терминін «аяқталмаған өндіріс» өнімдері терминімен ауыстыру жөнінде ұсыныстар ғылыми әдебиеттерде кездеседі. Барлық елдерде «қалдықтар банкі» атты жұмыстар жүргізілуде, яғни түрлі өндіріс салаларының қалдықтарын бір жүйеге келтіру қажеттілігі туындайды.
1.2 Шикізатты кешенді пайдалану мен қалдықсыз технологияның экономикалық тиімділігі
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
Көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызылатыны белгілі. Ал осыдан байыптап қарайтын болсақ олардың көпшілігі басқа өндіріс орындарында шикізат ретінде пайдаланылып түрлі қажеттілікке жарар еді. Осыған дайланысты өндіріс қалдықтарын және оны тұтынуды қайталамас шикізат материалының (ҚШМ) ресурсы ретінде және екінші рет пайдалануға болады. ҚШМ қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластанудан азайтып және өндірістің тиімділігін арттыру басты бағыттардың бірі.
Қалдықтармен болатын жағдайлар экологиялық проблемалардың барынша күрделісі деп есептеледі. Негізгі технологиялық қиындықтар қалдықтарды өңдеу кезіндегі энергия сыйымдылығының жоарылығы және соңғы өнімнің қажетті тазалығын қамтамасыз етуге байланысты қоршаған ортаға зиянды әсерінің туындауы болып отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеудің әлемдегі негізгі әдісі – төмендегі температурада жағу. Жағудың осындай әдісі кезінде шығатын газдармен қоса көптеген бөлінбейтін зиянды қосындылар мен өзара байланыстағы өнімдер шығарылады. Сондықтан, қалдықтарды жағатын зауыттар атмосфераны қосымша ластаушы ошақ көздері болуда. ҚТҚ – дың бастапқы массасының 25% көмілуге жататын қалдықтар деп есептеледі.
Қалдықтарды кәдеге асыру ісінде құрастырылған технологиялардың үлкен болашағы бар. онда қалдықтарды кәдеге асыру ісі жүзеге асырылады. Қазіргі кезде темірді сұйық фазалық қалпына келтірудің металлургиялық агрегат базасында - қалдықтарды жоғары температурада жағудың технологиясы жасалған. Ол технология аралық сатыларға соқпай,тапшы емес шикізат материалынан қымбат тұратын коксты пайдаланбай – ақ шойын алуға мүмкіндік беріп отырады. Ең бастысы бұл технология кез – келген көмірсутегі отынында жұмыс істей алады. Сонымен қатар, өнеркәсіп және органикалық тұрмыстағы қатты қалдықтарды жағу үшін табысты түрде қолданылады. Шетелдік технологияларды қолданылатын қоқыстарды жағатын зауыттарға қарағанда атмосфераға түсетін шығындылар құрамындағы ластаушылар бірнеше есе аз болады. Қалдығы аз технология бойынша жұмыс істейтін жаңа кезеңнің кәсіпорындары қаланы қоқыстан тазартып және құтқарып қана қоймай, құрылыс материалдары мен металдарды алып , жылу мен қамтамасыз ету үшін ыстық су мен өнеркәсіптік буды өндіруге мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда жасалған технологиялар мен әдістер өнеркәсіп қалдықтарының барлық түрінің түгелге жуығын пайдаға асыруға мүмкіндік беруде. Оларды сол жиналып қалған жерінде өңдеу жұмыс орынды болады. Өйткені ол қайтарымсыз ысырапты кемітіп, тасымалдау шығынын қысқартады. Метал қалдықтарды пайдаға асырудың екі жолы бар: балқытпайтын (іскерлік қалдықтар) және балқытатын (металл сынықтары мен жоңқалары ).
Метал қалдықтарды бастапқы өңдеудің негізгі операциялары – сұрыптау, бөлу және ішіне шабу, кесу, пакеттеу және кіретін механикалық өңдеу. Сұйық қалдықтарды өңдеу көп жағдайда қалпына келтіру мен қалдықтарды қайта қолдану жолымен жүзеге асырылады, яғни қалдықтардан бағалы компоненттерді алу және пайдаланылған материалдарды бастапқы қалпына келтіру. Көп жылдардан бері қайталама материал ресурстарын пайдалану мен металлургия кәсіполрындарының түтіні мен газдарында пайдаға жаратып жатыр.
Экономикалық биотехнологияның келесі саласының негізгі бағыттарына жататындар:
- қатты қалдықтарды биологиялық өңдеу (ағынды лас сулардың балшығын пайдаға асыру. ҚТҚ өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру);
- ағынды лас сулар мен ауаны иісті заттектерден биологиялық тазарту;
- мұнай және органикалық химия қалдықтарының ластануынан жерді биологиялық тұрғыдан қайта құнарландыру;
- химиялық пестицидтерге баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы тұратын, қауіпсіз, биологиялық күрестің тиімті құралын жасау.
Биоыдырағыш пластиктерді жасаудың алғашқы қол жеткен табыстары микроорганизмдердің көмегімен іске асты. Әлемде тұңғыш рет американ компаниясы биоыдырайтын «биопол» термопластигін жасады. Олар пленкалар, тоқыма емес орауыш материалдар, үлкен сыйымды ыдыстарды шығару өндірісінде пайдаланатын болады. Пластмасса өндірісіндегі ары қарай ілгерілеу түрлі қасиеттері бар полимерлік материалдарды дайындаудың іргелі биотехнологиясын құрумен байланысты.
Демек, адамзат қоршаған ортаның ластануын техникалық құралдардың көмегімен қорғаудың жетістіктеріне талпынып қанша тырысқанымен, олар биосфераның қоршаған ортаны тазалау және қоршаған ортаны реттеу қызметімен салыстырғанда болмашы ғана. Адамзат бұл механизмдерді басып тастамай, барынша ол «технологияның» принциптерін өзінің іс – тәжірибесіне қызметінде пайдалануы керек.
Табиғи және материалдық ресурстарды толық пайдаланбау келеңсіз салдарға әкеледі. Ол табиғат пен қоғамға келтірілген әлеуметтік экологиялық – экономикалық зияннан көрінеді. Қоршаған ортаға түсетін әр түрлі қатты қалдықтар, лас ағын сулар мен газ тәрізді шығарындылар экологиялық нормативтер шеңберінде болуы керек. Бұлар аймақтағы өндіріс салалары тұрғысынан жасалуы тиіс. Қазіргі уақытта осы коэффициентті шартты түрде қабылдап, былай есептеу 0,8 – ден 0,9 мөлшеріне дейін болса, онда өндіріс қалдығы аз, ал коэффициент 0,9 – дан жоғары болса, онда қалдықсызға жатқызылады.
Қалдықсыз технологияны дамытудың жекелеген бағыттары бойынша шараларды бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар нұсқаулар бекітіліп дайындалады. Сонымен қатар, қалдықсыз, қалдығы аз технологиялық процестер мен өіндірістерді енгізу кезінде алынған экологиялық әсерді құрайтын экономикалық есептемелерді жасау керек.
Экономикалық әсердің енгізілуі мен олардың экономикалық тиімділігін анықтаудың көптеген көрсеткіштері мен бірқатар критерийлері ұсынылды. Бұл әдістемеде әсер келтірілген шығынның айырмаларына негізделеді.
Нұсқалардың салыстырмалы бағалау критерийі бар нұсқаулар бойынша қоршаған ортаға зиянды ықпал жасауынан экономикалық зиянды есепке ала отырып, интегралды шығындар айырмасы бойынша анықтауға болады.
Қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсері халық шаруашылығында өнім өндіруге арналған бастапқы шикізаттар орнына қалдықтарды қолдану арқылы, сондай - ақ оладың қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің шамасын қысқарту немесе алдын алу есебін алатын барлық өндірістік шығындардың жиынтық үнемін көрсетеді.
Байқағанымыздай, қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық әсерін анықтаудың негізгі әдістемелік тәсілі өндірістің интегралды шығындарын және бастапқы шикізат пен қалдықтан өндіріліген өнімді салыстыру болып табылады.
Ресурстарды пайдалану дәрежесі бойынша өзгешеленетін технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін анықтаған кезде өндірілген өнімнің түр – түрі бойынша бұл процестер соншалықты тікелей оның мерзіміне, сонымен қатар, қоршаған ортаға әсер етуі бойынша да салыстырмалы емес.
Сондықтан, көп жағдайда қалдықсыз технологиялық процестерді экономикалық негіздеуде шығынның ең аз шамасы критерийін пайдалану мүмкін болмайды.
Қалдығы аз технология тиімділігінің экономикалық жағынан бағалау жүйесі ретінде барынша экономикалық әсерді анықтау деп түсіндіріледі. Белгіленген уақыт кезеңінің ішінде қоршаған ортаны ластаудан болатын экономикалық зиянды болдырмауды есепке ала отырып, қалдықтарды пайдаға асыру нәтижесінде алынған қосымша өнімдер, басты және жолай ілескен бағалы компоненттердің толық алынуын қамтамасыз етеді. Қалдығы аз технологияны енгізудің экономикалық бағалануынан алынған өнімнің бағалылығының арасында өзгешелігімен, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау шығынын қосумен де анықталады. Ең көп экономикалық әсерден тұратын қалдығы аз технологияның нұсқасы жақсы деп танылуда. Өнімнің құндылығы көтерме баға негізінде немесе ең дұрысы осы өнімді өндіруге кеткен шығындардың тұйықталуы бойынша анықталады.
Қалдықсыз және қалдығы аз өндірістің қалыптасуын бағалаудың көптеген экономикалық және технологиялық критерийлері бар.
Өндірісте тікелей көрінетін экономикалық әсердің бейтараптандыруға байланысты шығын арасындағы үнемділік айырмашылығын анықтайды. Қалдықсыз технология бойынша өндірістегі өнім шығындарының бастапқы табиғи шикізатын өңдеу, оны шығаруға орай пайдаланылмаған үйінді қалдықтарының ішіндегі пайдалы заттектерді алу мен бейтараптандыруға орай шығынның үнемділігі байқалады.
Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру шығындары үнемі артып отыр және қоғамдық өндірістегі олардың үлесі де күрт өсуде. Сондықтан ресурстарды ұдайы өндіруге кеткен шығынды үнемдеу ісі, қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті құрған кезде өте маңызды болады. Жекелеген кен орындарында барлау жұмыстарының шығындары ондаған жүздеген млнтеңгемен есептеледі. Соңғы он жылда 1 т мұнайдың қорына шыққан шығынның өсімі 2 есеге асып отыр. Сонымен, бұл дегеніміз барланған басы артық қордың тереңде жатуының өсуімен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары тау – кен саласында да капитал сыйымдылығының өндірістегі өсімі асып түсіп отырғаны байқалады. Мәселен, өнеркәсіпте - 25%, ал отында - 75% артып отыр. Тау – кен өнеркәсібіндегі қордың жарақтандырылуы нәтижесінде қордың қайтаралымына қарағанда, өндіріс анағұрлым тез арта түсуде. Бұл бағалы қазындыларды шығару пайдалылығының төмендеуіне алып еледі. Сонымен мұнай шығаруда табыстылық 2,5 есеге, газ өндіруде 3,6 есеге азайып, көмір өндіру ісі қазіргі бағада шығынды болуда. Мұндай өндіру кезіндегі қор сыйымдылығының деңгейі өзге өнеркәсіп өндірісінің салаларымен салыстырғанда артып отыр.
Бұның барлығы кен – геологиялық ахуалдың нашарлауы, әсіресе, алынатын кеннің тереңде жатуы мен кен өндіру өнеркәсібінің нашар игерілген алыс аудандарға қоныс аударғанына байланысты болуда.
Ары қарай өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципі түрде «қалдықсыз технология» атауына ие болған жаңа тәсілді қажет етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненциалдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өңдеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің сондай тәсілі (процесс, кәсіпорын, аумақтық – өндірістік кешен) энергия мен шикізат кезеңнде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланады. Атап айтқанда: шикізат ресурстары – өндіріс –тұтыну қайталама шикізат ресурстары, яғни, кез –келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс – жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін – өзі реттейтін биотехникалық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу – шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеун бұзбайды, демек, оған зиян келтірмейді, - деген сөз. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар, өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді. Бұл күндері, әзірге аз қалдықты өндіріс кең таралып, іске асырылуда.
Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық – гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материалдардың бір бөілігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.
2 Кәсіпорындардың құрал жабдықтарын технологиялық қайта жабдықтардан өткізу
- 1 Қазақстран Республикасындағы шикізат кешендері
Бүгінде құрылыс материалдарының отандық өнеркәсiбi Қазақстанның құрылыс кешенiнiң бiр бөлiгін ғана қанағаттандыруға қабiлеттi, соның әсерiнен рыноктың басым бөлiгiн iс жүзiнде құрылыс материалдарының барлық түрлерi бойынша зәрулiктi болдырмайтын импорттық өнiм иеленедi. Цементті өндіру жолға қойылған облыстарға да цемент импортталады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
Отқа төзімді материалдар мен бұйымдардың импорты ең алдымен қара және түсті металдар, қыш материалдар мен цемент өндірісіне байланысты, онда балқыту және күйдіру пештерін футерлеу талап етіледі. Импортталатын материалдардың бірі минералды мақта, қож мақта және вермикулит сияқты жылу оқшаулағыш материалдар және олардан жасалған бұйымдар. Гранит, мәрмәр және өзге де тас материалдардың негізіндегі қаптамалық бұйымдар, рудалық мес материалдар, балшық және каолин жиі импортталатын материалдар болып табылады.
Тiптi, Қазақстанда соңғы жылдары қыш тақталар, пластмассалық құбырлар, металл жабынқыштар, пластиктен жасалған ұсталық бұйымдар, құрғақ қоспалар және басқа да өнiмдер шығару жөніндегі өндiрiс пайда болғанымен, iс жүзiнде Қазақстанның құрылыс материалдары саласының барлық өнiмдері сыртқы рынокта бәсекеге қабiлетсiз (асбесттi қоспағанда). Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын кезең-кезеңмен пайдалануда техника-экономикалық негіздеме үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығынан алынған статистикалық деректер негізінде құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісіне, импорты мен экспортына талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау мынадай материалдар талап етілетінін көрсетті:
портландцемент және оның түрлері;
табақшыны және санитарлық-техникалық бұйымдар;
қышқабырғалық кірпіштер;
қыштақталармен тақтайшалар;
қожмақта, минералды мақта және вермикулит;
қыш отқа төзімді бұйымдар;
кремнеземді немесе диатомитті кірпіштер, блоктар, тақталар және бұйымдар. Жоғарыда айтылғандардан бірінші кезеңде мыналарды: шыны зауыттары, металлургия, мұнай өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі үшін кальцийлендірілген сода; сантехника, отқа төзімді бұйымдар, резина және қағаз өндіруге қажетті жетілдірілген каолин;
шыны және сантехника өндіруге қажетті жетілдірілген каолинді концентрат; шыны және сантехника өндіруге қажетті кварцты құм; қыш материалдар өндіруге қажетті волластонитті концентрат; металлургия, шыны, қыш және цемент өнеркәсіптері үшін отқа төзімді бұйымдар; тауарлық бетон және асфальтобетон өндіру үшін куб тәрізді фракциялы қиыршықтас өндіретін кәсіпорындар құрылуға тиіс екенін көруге болады. Екінші (шартты) кезеңде немесе бірінші кезеңмен қатар жоспарланып отырған мынадай:
цемент шығаратын;
санитарлық-техникалық бұйымдар
қышқаптамалық тақта;
қыш қабырғалық бұйымдар (беттік және қаптағыш кірпіштер мен тастар); жылу оқшаулағыш материалдар өндірісін іске қосу қажет.
Кесте – 1 - Негізгі импортталатын құрылыс материалдарына болжамды қажеттілік
Материал | Жылдар | |||||||
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | |
Цемент, млн. т | 9,0 | 10,9 | 11,4 | 12,3 | 13,3 | 14,4 | 15,6 | 16,8 |
Табақ шыны, млн. м2 | 16,2 | 19,6 | 20,6 | 22,2 | 23,9 | 25,8 | 27,9 | 30,1 |
Фаянс пен жартылай өңделген өнімдерден жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар, мың т | 18,5 | 22,4 | 23,5 | 25,4 | 27,4 | 29,6 | 32 | 34,5 |
Қыш қабырғалық материалдар, млн. дана | 755,2 | 913,8 | 959,5 | 1036 | 1119 | 1208 | 1305 | 1409 |
Қыш тақталар және тақтайшалар, млн. м2 | 16,9 | 20,4 | 21,4 | 23,1 | 24,9 | 26,9 | 29,1 | 31,4 |
Минералдық мақта және қож мақта, мың т | 51,7 | 62,6 | 65,7 | 70,9 | 76,6 | 82,7 | 89,3 | 96,4 |
Вермикулит және ісіндіретін балшық, мың т | 41,3 | 50 | 52,5 | 56,7 | 61,2 | 66,1 | 71,4 | 77,1 |
Қыш, отқа төзімді кірпіш, блоктар, тақталар және осыған ұқсас отқа төзімді материалдар, мың т | 51,7 | 62,6 | 65,7 | 71 | 76,7 | 82,8 | 89,4 | 96,5 |
Тұтастай Қазақстан Республикасында және облыстар шегінде Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын талау негізінде құрылыс материалдары мен бұйымдарының әр түрін өндіретін кәсіпорындар салу туралы мәліметтер жиналды. Цемент шығаратын жаңа өндіріс (15 зауыт және оның желісі), табақ шыны шығаратын зауыт (2 зауыт), қыш тақта (4 зауыт), санитарлық-техникалық бұйымдар (1 зауыт), минералды мақта (5 өндіріс), куб тәрізді қиыршықтас (6 өндіріс) шығаратын жаңа өндірістер салу жоспарланып отыр. Цементтік шикізат Қазақстанның барлық өңірлерінде бар екені белгілі болды. Цемент өндіруге қажетті карбонатты және балшықты шикізаттың қоры Ақмола (1610,3 млн. т және 96,5 млн. т), Оңтүстік Қазақстан (1145 млн. т және 200 млн. т), Алматы (1000 млн. т және 93 млн. т), Атырау (890 млн. т және 8,012 млн. т), Қостанай (683 млн. т және 188 млн. т), Қарағанды (467,7 млн. т және 78,9 млн. т) облыстарында шоғырландырылған. Қостанай облысында 2 цемент зауытын салу ұсынылып отыр.
Жұмыс істеп тұрған және салынуы жоспарланып отырған цемент зауыттарының жалпы өнімділігі 18,6 млн.т.
Санитарлық-техникалық бұйымдар, табақ шыны, қыш тақта мен тақташалар, отқа төзімді бұйымдар, куб тәрізді қиыршықтас және іріктелген құм, кальцийлендірілген сода, байытылған каолин, дала шпатының концентраты, волластонитті және талькты концентраттар шығаратын жаңа кәсіпорындар үшін шикізат кен орындары мен олардың көлемі ұсынылып отыр. Шикізат кен орындарын пайдалануға беру мерзімдері белгіленген.
Кальцийлендірілген сода, байытылған каолин және кварцты құм; дала шпатының концентраты, волластонитті және талькты концентраттар, вермикулит өндіру үшін шикізат кен орындары ұсынылып отыр. Олар құрылыстық шыны (кальцийлендірілген сода, байытылған каолин және кварцты құм), керамикалық материалдар (байытылған каолин және кварцты құм, дала шпатының концентраты, волластонитті концентрат), отқа төзімді, резеңке және пластмасса бұйымдар (байытылған каолин және талькты концентрат) шығаруға қажет. Осы материалдардың ірі қоры олардың экспорты үшін кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Цементке, табақ шыныға, санитарлық-техникалық бұйымдарға, қыш кірпішке, қыш тақталар мен тақтайшаларға, минералды мақта бұйымдарға, отқа төзімді бұйымдарға, кальцийлендірілген содаға, байытылған кварцты құмға және каолинге, дала шпатының концентратына қажеттілікті қамтамасыз етудің болжамды мерзімі белгіленді, сондай-ақ волластонитті және талькты концентраттар, куб тәрізді қиыршықтас және іріктелген құм шығаратын кәсіпорын құру ұсынылып отыр. Жүргізілген зерттеулердің негізінде Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібінің материалдық-шикізаттық базасы импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдары мен бұйымдарының кең номенклатурасын шығаратын кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді деп белгіленді. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің қызметкерлерімен б;ірлесіп Қазақстан Республикасының барлық облыстары үшін құрылыс материалдары өнеркәсібінің минералдық шикізаты кен орындарын орналастыру картасы жасалды. Құрғақ тәсілмен портландцемент өндіретін, отпен өңдеу тәсілі (флоат-тәсіл) бойынша табақ шыны өндіретін, фаянстан және жартылай фарфордан жасалатын санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін, қыш тақта және керамогранит, құрғақ тәсілмен және қатты экструзия тәсілімен қыш кірпіш өндіретін, отқа төзімді материалдар, минералдық мақта, көбікбетон, куб тәрізді қиыршықтас және т.б. өндіретін қазіргі заманға лайықты технологиялар беріліп отыр.
Қыш қаптағыш тақталар, қыш дренажды құбырлар, «марблит» типті қаптағыш шыны және қожситалл өндіруге фосфорлы және домна қожды, ГРЭС және ТЭЦ күлдерін цементті-күлді тұтқыр күлбетон, күлқож кірпіш және күлситалл; қыш кірпіш, қыш тақта және жабынқыш өндірісінде көмір өнімдерінің қалдықтарын қолдану технологиясы ұсынылып отыр. Портландцемент, қырылыстық шыны, қыш кірпіш, құрылыстық гипс, ауада қатаятын әк, куб тәрізді қиыршықтас, тауарлық бетон және т.б. өндірісі үшін Ресейде, Украинада, Германияда, Қытайда, Кореяда, Бельгияда және басқа да алыс шет елдерде өндірілетін технологиялық жабдықтар туралы деректер жинақталды.
2.2 Қәсіпорындағы өндіріс қалдықтарынан экологияны қорғаудағы өндірісті ұйымдастыру
Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын өнімнің көптеген түрлерін өндіреді. Материалдық өндіріс сферасында дайын өнімді өндіруден гөрі шикізаттың қамтылуы көп қиындық тудырады. Қазіргі өндірістік кәсіпорын өте күрделі технолгиясымен, операциялардың көптілігімен, соның негізінде пайда болатын көптеген қалдық түрлерімен сипатталады. Ал, қалдықтың кейбір түрлерінен тағы өнім өндіру үішін қоймаларда сақталады немесе қалдықтар кейде олардан бөлініп шығатын газдар, ағатын сулар және қатты өнімдер түрінде жоғалып кетеді. Өндіріс қалдықтарына өнім өндіру үрдісінде пайда болатын немесе өзінің тұтынушылық қасиетін жартылай немесе толық жойған, сонымен қатар шикізатты физика-химиялық немесе механикалық өңдеу арқылы өнімін алу өндірістік үрдістің негізгі мақсатына жатпайтын, шикізатты қайта өңдеу үшін немесе өңдеуден кейін дайыш өнім ретінде қолданылатын шикізат, материалдар немесе жартылай фабрикаттар түрлері жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның үздіксіз дамуы міндетті түрде өндіріс қалдықтарының көбеюіне, оларды сақтау, шоғырландыру, көму, ұстау немесе залалсыздандыру шығындарының артуына әсерін тиізеді.
Кейбір өндіріс қалдықтарының құрамында бағалы компоненттер болатындықтан оларды материалдық өндіріске қайта пайдалану тиімді болады. Қалдықтарды тиімді пайдалануды және оған қажетті күрделі қаржыны анықтау үшін ең маңызды мәселе болып осы қалдықтардың көлемін анықтау, соның ішінде оларды кешенді пайдалануды жоспарлау үшін болашақтағы көлемін анықтау жатады. Қалдықтардың пайда болуы және жинақталуын есепке алу және пайдалануды жоспарлау көптеген әдістемелік, ғылыии-зерттеу, ұйымдастыру техникалық, экономикалық, статистикалық және басқа да мәселелерді шешуді талап етеді. Көп тонналы қалдықтардың ең көп көлемі болып саналатын салаларға қара және түсті металлургия, химия және көмір өнеркәсібі, энергетика және тағы басқа салаларды жатқызуға болады. Аталған салалардағы технология сипатына негізгі өнімді өндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа салаларда қолдану үшін бағалығы жоғары өндіріс қалдықтарының және жанама өнімнің көп санын алуды жатқызуға болады. Мысалы, азот және күкірт қышқылдарын өндіруде әрбір 1000 тонна өнімге келетін 20 тоннаға дейін азот тотығы мен күкірттің қос тотығы атмосфераға төгіледі, колчеданнан күкірт қышқылын алу үшін 1000 тонна күкірт қышқылынан 600 т тұқыл қалады. 1000 тонна шопынды қорыту барысында атмосфераға 40 т қатты бөліктері, 30 т қос тотықты күкірт және 50 т күкірттің тотығы жіберіледі. Отын электростанцияларында 1 млп кВт сағ. Электроэнергияны өндіру кезінде 1 0 т түтін мен 15 т қос тотықты күкіртпен ауа кеңістігі ластанады. Сары түті фосфорды өндіру кезінде 1 т тауарлық өнімге 11 т алюминий, кальций және магний тотықтарынан тұратын отты-сұйық шлак пайда болады екен. Мұның бәрі атмосфераны ластап қана қоймай тірі организмдерге (адам, жәндік, жануар, өсімдіктер) үлкен қауіп туғызады. Кез келген технология белгілі бір табиғат шикізатына есептеліп дайындалады, сондықтан ең күрделісі болып қандай кәсіпорындарда қалдықтарды дайындау және пайдалану жүргізілетіні негізгі мәселе қатарына жатады. Көп жағдайда кәсіпорындар қалдықтары әрі қарай бөлуді дайындау және қандай құрал-жабдыктарда өнделгені жөніндегі қажетті мәліметтермен қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты өндірістік кәсіпорындарда қалдықтармен қоршаған ортаны ластамау жөнінде өз бағдарламалары, техиика мен технологиясы, қаржы, ресурстары болуы қажет.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында қалдықтарды пайдалану деңгейін көтеруге басты назар аударылған. Онда өндіріс және тұтыну қалдықтарының мониторінгін жүргізу, қоршаған ортада зиянды қалдықтарды көмудің әсерін бағалау, ресурстар мен энергияны пайдалану және кайта өңдеу жөніндегі жұмысты ынталандыру сияқты өзекті мәселелер атап көрсетілген.
Өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру үшін келесі шаралар жүргізілуі тиіс:
- қалдықсыз өнім өндіретін технологияны таңдау;
- табиғатты қоргау қорына кәсіпорындардың аударатын төлемдер жүйесін құру:
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның 29 бабына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдардың, азаматтардыц және кәсіпорындардың төлемін қатаң түрде талап етіп, қажетті жағдайда төлем мөлшерін жоғарылатылған түрде шаралары қарастырылған.
Табиғатты ұтымды пайдалануда «қалдықсыз технология» деген ұғым бар. Бұл түсінік соңғы дайын өнімге қатысты болады және ол өнімнің ұзақ қызмет ету мерзімінен, көп рет пайдалану мүмкіндігімен, жөндеу жұмыстарының жеңіл болуымен, өндірістік циклға оралудың оңайлығы немесе істеп шыққан кезде экологиялық зияны жоқ түрге айналумен сипатталады.
Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты қорғаудың негізгі заңдарына сүйене отырып, екі негізгі алғы шарттарға негізделеді:
- бастапқы табиғат ресурстары әртүрлі өнімдер дайындалуы үшін бір рет өндірілуі қажет;
- өндірілетін өнімдер тікелей мазмұны бойынша пайдаланылған соң жаңа өндірістің бастапқы элементіне салыстырмалы түрде тез айналуы тиіс.
Қалдықтардың пайда болу көздеріне төмендегілер жатады:
- шикізаттардағы қоспалар, яғни берілген өндіріс дайын өнім алуда пайдаланылмаған компоненттер;
- шикізатта пайдалы өнімнің қалып қоюы, соның әсерінен өндірістік үрдістің толық жүрмеуі;
- жанама химиялық реакциялардың әсерінен пайдаланылмайтын заттардың пайда болуы.
Шикізатты толық және кешенді пайдалану шикізатта пайдаланылмай қалған заттардың санын азайтады, өнім өндіруде шикізаттан қалдыққа кететін пайдалы заттар көлемін көбейтеді.
Өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары табигатты пайдалану дегеніміз адамның барлық іс-қимылының нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей және жанама түрде әсер етуін айтады. Табиғатты ұтымды пайдалану - қалпына келмейтін ресурстарды кешенді қолдану арқылы материалдық өндірістің дамуына байланысты қоршаған ортаны жоспарлы, ғылыми негізде қалыптастыруы. Қалпына келмейтін ресурстарға төмендегідей циклды қолдану керек:
- өндірістің тұтынуы
- екінші ретті ресурстарды сақтау қалпына келетін табиғи ресурстарды қайта өңдеу жағдайында.
Биосферада болып жатқан үрдістерді және адамның шаруашылық іс-әрекеттерін зерттеу нәтижесінде экологиялық қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс құрып, табиғи ресурстардың азаюын және қоршаған ортаның азуын тоқтатуға болады.
Адамдардың шаруашылық іс-әрекеті табиғи эко-жүйелер қағидасы бойынша құрылуы керек, ягни шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалапу арқылы, демек мұнда бір ағзалардың қалдықтары келесілеріне өмір сүру ортасы болып келуі мүмкін.
Бүгінгі күні белгілі болып отырғандай табиғатты «жаулап алу» уақыты қайтымсыз өтіп кетіп оның заңдылықтарын түбегейлі қайта тану кезеңі басталды. Бірақ тәжірибедегі қалдықтар көлемі өндіріс және халық санына қарағанда 2-3 есе көбірек. Қалдықтар ағымы табиғатты ластауда, олардың токсикалық компоненттері жерді, ауаны, теңіздерді және көлдерді бүлдіруде. Оның себебіне өндірістің аз ғана уақыт ішінде табыс тапқысы келетінінде болып отыр. Бірақ кез – келген өндіріс басшысы тіршілікті зиян келтіру арқылы табыс табуды ойламау басты талап болуы тиіс. Яғни келесі ұрпаққа тиісті ресурстарды толық пайдаланбауы керек. Осы тұрғыдан келгенде табиғатты пайдалану мәселесін көтерген кезде табыс табу түсінігін түбегейлі өзгертуіміз керек.
Осы айтылғандардың табиғатты ұтымды пайдалануға жалпы анықтама құрастыруымызға болады. Табиғатты ұтымды пайдалану дегеніміз – өндірісті дамыту және биосфераны сақтау мәселелерін қарастыратын табиғаттың ғылыми заңдары негізінде құрастырылмаған қоғам мен табиғаттың бір – бірімен іс – әрекеттер жүйесі.
Шикізаттың техногенді айналымы сызбасында көріп отырғанымыздай табиғи айналымдарға қарағанда ол көптеген бөлімдерде тұйықталмаған.
Қалдықсыз технология құрудың келесі принципі – бұл айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы, су шаруашылығы. Бірыңғай су жүйесінде сумен(ауыз су және техникалық) қамтамасыз етілу жағы жүзеге асырылады. Канализация тазалау (жергілікті, жалпы) бір мезгілде таза компоенттерді алйп пайдаға жаратады. Өнеркәсіпте сумен қамтамасыз ету жағының кезеңі тұйықталған, яғни оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланған соң, алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.
Қалдықсыз технологияны ұйымдастырған кезде құрамдастыру мен салааралық кооперацияларға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе, АӨК (Аумақтық өндірістік кешендер) шеңберінде бір өндірістің қалдықтарынан өнім алу үшін өзге салаларда пайдаланып, барынша экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі – алынатын өнімнің экономикалық тазалығын ғана сақтап қоймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатты экологиялық тепе – теңдеікті бұзбауы керек. Бұл принциптерді түбегейлі орындау қалдығы аз өндірітегі маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сонымен, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері ешқандай да рұқсат етілген санитарлық – гигиеналық мөлшердің деңгейінен аспауы керек.
3 Кәсіпорында қалдықсыз технологияларды ұйымдастыру бойынша шикізаттарды кешенді пайдалану жолдары
3.1 Қалдықсыз технология бойынша өнімді өндіру
Өңдеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары да технологиялық және моральдық жағынан әбден тозығы жеткендіктен қазір оларды заман талабына сай қайта жабдықтау мәселесі қолға алына бастады. Егер ол оңды шешілген жағдайда ауыл шаруашылығы саласы еліміздің ішкі қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, дүниежүзілік рынокқа да шығаруға толық мүмкіндік туатынын мамандар жиі айтады. «Бұл ауыл шаруашылығы саласын өрге сүйрейтін өте тиімді жол болмақ» дейді олар. Ол үшін, сонымен бірге, халықаралық стандарттарды да игеру қажет. Бұл болашақтың ісі, дегенмен әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қауқар көрсетер жолдың бірі де осы болмақ екен. Ал, әзірге облысымыз бойынша азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі 20 сала бойынша 1200-ге жуық кәсіпорынды құрап отыр, оның ішінде 130-ға жуығы шағын және орта кәсіпорындар. Осылардың ішінде он шақты кәсіпорынның халықаралық сапа сертификаты бар болса, тағы да сондай кәсіпорындар оны енгізуге дайындық жасап отыр. Яғни, олардың болашақта өз өнімдерін дүниежүзілік рынокқа еркін өткізуге қолдары жетпек. Әзірге ауыл шаруашылығы саласы үшін шетелдерге тек астық пен балық және оның өнімдері шығарылуда. Оның өзінде негізінен шикізат түрінде.
Осы өңдеу саласында өзгелерден мойны озық тұрғаны балық өнімдерін шығарушылар деуге болатындай. Себебі, олардың алды әлдеқашан халықаралық стандарттарды игеріп, өнімдерді әлемдік рынокқа шығарып отыр. Оның ішінде ірілері Зайсандағы «Шығыс балық», «Исмайлов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Восток – Запад» фирмасы болса, басқа да бірқатар кәсіпорындар облыс, республиканың ішкі рыногына жұмыс істейді және көбі қалдықсыз технология бойынша өнімді терең өңдеуге қол жеткізген. Осылардың ішінде, мәселен, «Исмайлов және К» серіктестігі бірнеше жылдан бері көксерке балығының таза жон етін Ресейге, Европаның алты елімен қоса АҚШ-қа, Сейшель аралдарына экспорттайды. Халықаралық стандарттардың сапа сертификатына ие кәсіпорын осы заманғы ең соңғы жабдықтармен жабдықталып, жаңа технология бойынша жұмыс істеп, жылына 1000 - 1200 тоннаға дейін өнім шығарады. Кәсіпорын қазір 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, әсіресе, Европа елдеріне қатты әсер етіп, өнімдерге сұраныс азайғанымен серіктестік жұмыс орнын қысқартпай, ішкі рыноққа жұмыс істеуді жалғастыра бермек. «Біздің мүмкіндіктеріміз мұнан да көп өнім шығаруға жетер еді, егер шикізат мәселесі, яғни, балық жеткілікті болса» дейді. Жалпы алғанда облысымыздың басты байлықтарының бірі – балық аз болмағанымен, оның көбі шикізат күйінде арзан бағамен шетел асып кетеді.
Мәселен, Ресейдің бізбен көршілес облыстарында дәл біздердегідей балық өңдейтін бірнеше заводтар жұмыс істейді екен. Олар негізінен бізден жеткізілетін шикізатқа, яғни, балыққа үміт артып, соған есептеліп салынған.
- Мұны қалыпты жағдай деуге болмайды, оны өзімізде өңдеп сатсақ, қосымша жұмыс орны ашылып, қазынаға түсер салық төлемі артар еді. Сондықтан да біз бұл мәселе бойынша сыртқа балық шикізатын шығаруды тоқтату немесе шектеу туралы ұсыныстарымызды Ауыл шаруашылығы министрлігінен бастап, басқа да құзырлы органдарға жеткізіп жүрміз, бірақ әзірге құлақ асқан ешкім жоқ», – дейді. Таяуда ғана облысымызға Ресей мамандары осы балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сай жұмыс істеп жатқандықтарын өз көздерімен көру үшін арнайы келіпті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында балықтан басқа ет пен сүт, астық шикізаттарынан дайын өнімдер даярлау деңгейі әзірге ақсап тұр деуге болады. Оның ішінде ет пен сүт бағытында біраз жетістіктер болғанымен тұтас алғанда талапқа сай деп айтудың ауылы алыс. Ал, одан басқа жүн, тері өңдеу туралы айтпай-ақ қоюға болады. Жеміс-жидектерден дайын өнім шығару да сол деңгейде. Астықтан ұн тартып, нан-тоқаш өнімдерін, макарон бұйымдарын шығарып, алкогольды сусындар дайындаймыз. Алайда мұның барлығы шетке шығарғанды қойып, (алкогольдік өнімдерден басқасы) ішкі қажеттілікті өтеуге де жеткіліксіз болғандықтан, облыстық деңгейде бірталай шаруалар қолға алынып, іске асырылуда. Өткен жылы осы мақсат үшін облыстық бюджеттен ғана 260 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл оның алдындағы жылдармен салыстырғанда анағұрлым мол қаржы. Соның нәтижесінде өткен жылдың тоғыз айында ғана облыста өңдеу өнімдерін шығару көлемі жеті пайызға жуық артқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының барлығы дерлік шағын және орта бизнес саласына жататындықтан өткен жылғы оларды тексеруге жарияланған мораторийдің оған оң ықпал еткенін кәсіпкерлер бірауыздан айтады.
Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану негiзiнде экономикалық өсу және ұлттық жалпы өнiмдегi шикiзатты құрайтын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өнiмге кезең-кезеңмен алмастыру Қазақстанның стратегиялық дамуының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.
Құрылыстың жоғары қарқыны мен құрылыс материалдарының өндiрiсi үшiн ресурстардың болуы құрылыс материалдарының рыногын қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады. Қазақстанда құрылыс материалдарының өндірісі үшін бай шикізат қоры бар, бірақ жұмыс істеп тұрған кен орындарының жартысы ғана кен шығарады. Мысалы, қыш санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру үшін сапасы жоғары шикізат қоры, табақ шыны өндіру үшін кварцты құм, жылу оқшаулағыш және отқа төзімді материалдар өндіру үшін шикізат бар, бірақ оларды өндіру жолға қойылмаған.
Қазақстанда іс жүзінде табақ шыны, фаянс пен жартылай өңделген өнімдерден жасалған санитарлық-техникалық бұйымдарды қоспағанда, барлық құрылыс материалдары, бұйымдар мен жартылай өңделген өнімдер шығарылады. Алайда саланың көптеген кәсiпорындарының техникалық деңгейi озық шетелдiк технологиялардың талаптарынан бiршама артта қалып қойған. Мұның негiзгi себептерi – инвестициялардың жеткiлiксiздiгi, тозудың жоғарылығы (55%-ға дейiн), негiзгi қорларды жаңартудың баяулығы мен бiлiктi мамандардың жеткiлiксiздiгi.
3.2 Қазақстанда шикізатты кешенді пайдалану мен дамыту жолдары
Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек. Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет. Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.
Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет. Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары: әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi етiнде ғылымды айқындау;
жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;
ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру;
жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру); ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту; кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау; ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту; ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;
талантты жас ғалымдарды қолдау;
мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу; грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру; қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi. Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз. Өнеркәсiп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабiлеттi көп жағдайда өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына тәуелдi. Ақпарат, телекоммуникация және көлiк инфрақұрылымының барабар сапасы болмайынша тиiмдi экономикалық даму мүмкiн емес. Инфрақұрылымның осы элементтерiнiң әлемдiк деңгейге сәйкестiгiнiң өзi-ақ қазiргi заманғы әлемдегi елдiң бәсекелестiк қабiлетiнiң маңызды факторы болып табылады. аламданудың үдей түсуi мен ғаламдық бәсекелестiктiң күшейе түсуi жағдайында шаруашылық субъектiлердiң әлемдiк рыноктың тегеурiнiне дер кезiнде әрi пәрмендi жауап әрекетi қабiлетi iскерлiк табыстың негiзi болып табылады.
Елде дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы ұлттық экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк және зияткерлiк белсендiлiгiнiң артуының басты факторларының бiрi болып табылады, ол халықаралық қоғамдастықтағы елдiң беделiн айғақтайды. Бүгiнгi күнi бизнестiң бiрде-бiр түрi өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында да, сондай-ақ сыртқы әлеммен де байланыстың сапалы жүйесi болмайынша дами алмайды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, «кәсіпорында шикізатты кешенді пайдаланумен қалдықсыз технологияларды тиімді пайдаланудың экономикалық тиімділігі» тақырыбындағы курстық жұмысты орындау барысында мен қалдықсызтехнологияларды ұйымдастырумен қалдықсыз технологияларды құрудың негізгі қағидаларын және экономикалық тиімділігін анықтау әдістері және түсініктерімен таныстым.
Шикізатты өңдеуде қоршаған ортаға шығарылатын, құйылатын және бөлінетін зиянды заттарды тудыратын көздерді, сонымен қатар ластағыш заттектердің сипаттамалары жайлы баяндалды.
Қазіргі таңда қалдықтар аз болатын немесе мүлдем қалдық болмайтын технологиялық процестерді жасап, оның негізінде өнеркәсіп пен табиғи – өндірістік кешендерді экологизациялау – осы күнгі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі.
Қалдықсыз технология құрудың келесі принципі – бұл айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы, су шаруашылығы. Бірыңғай су жүйесінде сумен(ауыз су және техникалық) қамтамасыз етілу жағы жүзеге асырылады. Канализация тазалау (жергілікті, жалпы) бір мезгілде таза компоенттерді алйп пайдаға жаратады. Өнеркәсіпте сумен қамтамасыз ету жағының кезеңі тұйықталған, яғни оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланған соң, алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.
Қалдықсыз технологияны ұйымдастырған кезде құрамдастыру мен салааралық кооперацияларға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе, АӨК (Аумақтық өндірістік кешендер) шеңберінде бір өндірістің қалдықтарынан өнім алу үшін өзге салаларда пайдаланып, барынша экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі – алынатын өнімнің экономикалық тазалығын ғана сақтап қоймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатты экологиялық тепе – теңдеікті бұзбауы керек. Бұл принциптерді түбегейлі орындау қалдығы аз өндірітегі маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сонымен, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері ешқандай да рұқсат етілген санитарлық – гигиеналық мөлшердің деңгейінен аспауы керек.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің сондай тәсілі (процесс, кәсіпорын, аумақтық – өндірістік кешен) энергия мен шикізат кезеңнде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланады. Атап айтқанда: шикізат ресурстары – өндіріс –тұтыну қайталама шикізат ресурстары, яғни, кез –келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- 01. 1997ж. Өзгерісі және толықтылығымен Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқауы.
- 08. 1993ж. Министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс – сапарлық қызметі жөнінде нұсқауы.
- А. Үмбеталиев, Ғ. Керімбек, «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».
- В. В. Ковалев «Финансовый анализ», Москва 1995г.
- А. Д. Шеремет, М. И. Баканов «Теория анализа хозяйственной деятельности», Москва 1987г.
- Алтынбаев Б.А, Истаев А.А. Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
- Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
- Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
- Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
- Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
- Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
- Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
- Шеденов Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
- Саясат-№1,2002
- «Халық кеңесі»-№72,1995
- Ізденіс(Поиск)-№5,1998
Қысқартылған сөздер:
1 ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
2 ҚР – Қазақстан Республикасы
3 АӨК – аумақтық өндірістік кешендер
4 ҚШМ – қайталама шикізат материалы
5 ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар
6 АҚШ – Америка Құрама Штаттары
7 ҚТЖ – қалдықсыз технологиялар жүйесі
8 ҚТ - қоршаған ортаға таралуы