Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы (курстық жұмыс)

Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы (курстық жұмыс)

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау керек. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бүл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.

Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді (Президент Республики Казахстан. О дальнейших мерах по реализации стратегии развития Казахстана до 2030 года. Указ от 17 февраля 2000 года №344: официальный текст).

Курстық  жұмыстың зерттеу объектісі: «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік. Ол 2000 жылы 18-наурызда құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі – жиһаздарды сату және сатып алумен айналысады. Шетелдерден жиһаздарды дайын өнім ретінде алып келеді.  «Футура» ЖШС-ң өзінің балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және сауда белгісі бар.

Курстық  жүмыстың мақсаты: «Футура» ЖШС-ң қаржылық жағдайын бағалау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :

  1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау;
  2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау;
  3. Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және бағалау.

Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың жағдайы мен қозғаласын бағалау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.

Курстық  жұмысты орындау барысында «Футура» ЖШС-ң есеп беру формалары пайдаланылады. Атап атқанда 2005, 2006 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Түсініктеме хат және «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің Жарғысы.

Ұйымның тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жүмысына экономикалық түрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бүл көбінесе оны талдай білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму тенденциясы зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең және жүйелі түрде зерттеледі, бизнес-жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады, кәсіпорынның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың экономикалық стратегиясы жасалады.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері.

Шаруашылық қызмет және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро- және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т.б. Экономика саласының немесе жеке бір кәсіпорынның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды, процестерді және сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.

Шаруашылық қызметін талдау пәні  экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға жэне соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді. Себеп-салдар байланыстарды топтастыру, жүйелендіру, моделдеу, шамалау ШҚТ басты әдістемелік мәселесі болып табылады.

Шаруашылық қызметін талдау объектісі шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорында талдау объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.

Шаруашылық қызметін талдау принциптері.

Шаруашылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым мен практикадан алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа алу керек.

Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибенің жетістіктерін, экономикалык зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы тиіс;

Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және кәсіпорын экономикасындағы   себепті   байланыстарды   жан-жақты   зерттеуді   талап етеді;

Талдау объективті, нақты, дәл болуы тиіс, нақты шындықты көрсететін дұрыс,  тексерілген  ақпаратқа негізделуі  керек,  ал  оның тұжырымдары нақты    талданған     есептеулерге     негізделуі    тиіс.     Осы    талаптардан есептеулерді ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы аудитті, сондай-ақ талдау әдістемесін    оның    есептеулерінің    дәлдігі    мен    дұрыстығын    арттыру мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;

Талдау  жарамды  болуы  керек,  кемшіліктерді,  қателіктерді,  жұмыстағы жіберіп   алған   мүмкіндіктерді   уақтылы   анықтай   отырып,   олар  туралы кәсіпорын   басшыларына   хабарлау   керек,   өндіріс   барысы   мен   оның нәтижесіне   белсенді   түрде   әсер   етуі   тиіс.   Осы   принциптен   талдау материалдарын   кәсіпорынды   басқару   үшін,   нақты   шараларды   әзірлеу үшін, жоспардың деректерін негіздеу, түзету және анықтау үшін нақты түрде   пайдалану   қажеттігі   туындайды.   Басқаша   жағдайда   талдаудың мақсатына жетуі екіталай;

Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру керек.   Бұл   талаптан   кәсіпорындағы   талдау   жұмысын   жоспарлау,   оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны жүргізуді бақылау қажеттігі туындайды;

Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам және нақты жүргізе білуді,  басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге асыруды білдіреді;

Талдау     принциптерінің     бірі    -    бұл     талдау     жүргізуге     кәсіпорын қызметкерлерінің   көпшілігі   катыса   алатындығын   пайымдайтын   оның демократиялығы, бұл алдыңғы қатарлы тәжірибені толығырақ анықтауға және   барлық   ішкі   шаруашылық   резервтерді   пайдалануды   қамтамасыз етеді;

Талдау   экономикалық   құбылыстарды,   процестерді,    шаруашылық   ету нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс. Басқаша айтканда,   шаруашылық  қызметтің  нәтижесін   бағалай   отырып   олардың мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясат пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек;

Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе әсерін тигізуі керек.

Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік, жүйелілік,   объективтілік,   дәлдік,   шындық,   әрекеттілік,   оперативтілік, демократизм, тиімділік жэне т.б. болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г.В., 2003).

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға беру;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін,  оның  өсуін  (кемуін)  және  ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің  айналымдылық есебі, оның  ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының     салыстырмалы     керсеткіштерін,     сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі жөне оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек жөне материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі көсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді (Дүйсенбаев К.Ш., және т.б., 2001 ).

Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі.

Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.

Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі экономикалық         құбылыстар         мен         процестерді         зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.

Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында болды.

Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.

Жоспарлаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т.б. айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.

Демек, экономикалық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және оңтайлаңдыру үшін қажетті деректерді дайындау бойынша қызмет ретінде қарастыруға болады.

Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі, өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады.  Шаруашылық қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.

Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.

Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.

Соныменен,  шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.

Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:

  • шикізаттың жетіспеушілігі    мен    құнының    артуына,    өндірістің ғылымды    және    капиталды    көп    қажет    етуіне    байланысты    өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;
  • басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға біртіндеп көшуден;
  • меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру мен экономикалық    реформаның    басқа    да    шараларына    байланысты шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.

Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы тиіс. ШҚТ рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар етеді. Және керісінше, ШҚТ байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді ( Савицкая Г.В.,2003 ).

 Қаржылық жағдайдың мәні.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бүл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет "Кәсіпорынынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын керсетеді".

В.М.Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".

Профессор И.Т.Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" — деп жазады (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б.,2001).

С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын жүмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.

Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М.Родионова мен М.А.Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б., 2001).

"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жүмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жүмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

"Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" — деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың ойынша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек жөне анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі — деп түсіндіреді.

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы жөне толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жүмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесіндей түрлерге жіктейді:

  1. пайда болу орнына байланысты — ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты — негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
  4. әрекет ету уақыты бойынша — тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның түрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім жөне өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі — активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері — кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты, жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? — деген қауіп туады.

Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің   (жұмыс,   қызмет)   құрылымы   және   оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер жөне тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу — жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б., 2001).

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта — облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, көсіпорынның өзінің жөне оның серіктестерінің қаржылық жөне басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл — талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен көсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін -жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкерлік шешімдердің қажетті шарттары болып табылады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі - бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлік белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы тұрақтылғы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады. Өндіріс шығыны - бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы. Өндірілген өнімді (тауарды) сатудан түскен қажының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы төлем қабілеттілігі, табыстылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтімділігімен сипатталады. Қазақстандық экономика жағдайында қаржы тұрақтылығы жағдайына жету үшін кәсіпорынға активтердің құрылымын жақсарту, атап айтқанда тиімсіз пайдаланылатын немесе мүлдем пайдаланылмайтын тұрақты активтерді қысқарту, дайын өнім және материалдар, шикізат қорлары көлемін оңтайландыру керек. Сонымен қатар қаржылық ресурстар ағымдарының кіруі мен шығуына жоспарлау мен бақылауды күшейту керек. Кәсіпорын үшін ең бастысы меншікті айналым қаражаттарының көлемін оңтайлы қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік саясат кәсіпорын өзінің қызметінің тұрақты қаржылық құрылымын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беруге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің сыртқы ортасында жағымды жағдайларды жасау үшін қаржылық және банктік секторлардың дамуын ынталандыруы,           нарықтық инфрақұрылымды, сақтандыру және қор нарығын қалыптастыруды жылдамдату керек. Бұдан басқа, кәсіпорындарды қолдау мақсатында амортизациялық және инвестициялық саясатты қамтитын реттеу әдістерін қайта қарауы қажет, бұл негізгі қорға қаражттарды салуға көмектеседі. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

  1. Абрютина М.С. Анализ   финансово  экономической  деятельности предприятия.: Учеб.  прак. пособие. - 2-е изд.испр. - М.: Изд. «Дело и сервис» ., 2000.- 265 с.
  2. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в   переходной   экономике   (на   примере   Республики   Казахстан).   -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2002. — 141 с.
  3. Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. -Алматы : Экономика, 2001. — 330 б.
  4. Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2003
  5. Жүйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник. -Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2004. - 512 с.
  6. Ковалев В.В. Финансовый  анализ:  методы  и  прцедуры.  - М.   : Финансы и статистика, 2003. — 560с. ; ил.
  7. Любушин Н.П. и др. Анализ финансово экономической деятельности предприятия. Учебн. пособие, М., 2003
  8. Любушин Н.П.    и    др.    Анализ    финансово    -    экономической деятельности предприятия : Учеб. пособие / Под ред. Н.П. Любушина. - М.:ЮНИТИ / ДАНА 2000. -471 с.
  9. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын  экономикасы:   Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003. - 252 б.
  10. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия : Учебник. - М.: ЮНИТИ, 2001.-360.

Похожие материалы