Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк
«Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Кайнар-АКБ» ЖШС жобасын қаржыландырады.
«Кайнар-АКБ» ЖШС 1970 жылдан бастап жұмыс істейді және ТМД елдеріндегі аккумулятор өндірісі саласында ең қарқынды дамушы зауыттардың бірі саналады.
Кәсіпорын басшысы Серикбай Ажмаганбетовтың хабарлауынша, өткен жылы зауыт 2,5 млн аккумулятор шығарған.
Айта кетейік, аталған жоба «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қаржыландырудың басым жобаларын кредиттеу механизмі бойынша жарнаны субсидиялау бөлімі аясында мақұлданды. Ақша қаражаты Талдықорған аккумулятор зауытына жабдықтар сатып алуға және қолданыстағы жабдықтарын жаңарту үшін беріледі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024