Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Кайнар-АКБ» компаниясы Сбербанктен 1 млрд теңге алады

«Кайнар-АКБ» компаниясы Сбербанктен 1 млрд теңге алады

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк
«Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Кайнар-АКБ» ЖШС жобасын қаржыландырады.

«Кайнар-АКБ» ЖШС 1970 жылдан бастап жұмыс істейді және ТМД елдеріндегі аккумулятор өндірісі  саласында ең қарқынды дамушы зауыттардың бірі саналады.

Кәсіпорын басшысы Серикбай Ажмаганбетовтың хабарлауынша, өткен жылы зауыт 2,5 млн аккумулятор шығарған.

Айта кетейік, аталған жоба «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қаржыландырудың басым жобаларын кредиттеу механизмі бойынша жарнаны субсидиялау бөлімі аясында мақұлданды. Ақша қаражаты Талдықорған аккумулятор зауытына жабдықтар сатып алуға және қолданыстағы жабдықтарын жаңарту үшін беріледі.

Похожие материалы