
ШҚО. 13 шілде. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Ресей Федерациясымен шекараны жалған құжат арқылы кесіп өтпек болған кезде ұсталды.
«Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», – делінген хабарлмада.
Айта кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025