Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәрім Мәсімовтің інісі ұсталды – Антикор

Кәрім Мәсімовтің інісі ұсталды – Антикор

ШҚО. 13 шілде. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Ресей Федерациясымен шекараны жалған құжат арқылы кесіп өтпек болған кезде ұсталды.

«Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», – делінген хабарлмада.

Айта кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

Похожие материалы