Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE валюталар саудасы шамамен үш есе өсті

KASE валюталар саудасы шамамен үш есе өсті

2015 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюталық айырбас операцияларын қоса алғандағы шетел валюталарының сауда көлемі 23 920,4 млрд теңге (129 558,2 млн доллар) болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе артық.

2014 жылдың қазан-желтоқсанымен салыстырғанда сауда көлемі 89,8%-ға өскен.

2015 жылдың 5 қаңтары мен 2015 жылдың 31 нарызы аралығында KASE-де болған негізгі сауда сессияларының барлық мәмілелері бойынша еептелінген АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа сараланған бағамы долларына 184,61 теңге болды, барлық биржа мәмілелері бойынша - долларына 184,63 теңге.

Орташа сараланған биржа бағамы бойынша АҚШ долларына қатысты теңге девальвациясының жылдамдығы ағымдағы жылы жылдық 7,54% болды. 2015 жылдың алғашқы үш айының ішінде АҚШ долларына қатысты теңге девальвациясының деңгейі номиналды көріністе 1,81% қамтыды.

2014 жылы АҚШ долларына қатысты теңге девальвациясының деңгейі номиналды көріністе 18,36% болған-тын.

Похожие материалы