Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Bank туралы

Kaspi Bank туралы

Банк тарихы

1991 жылғы 1 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

1997 жылғы 12 қаңтар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака Қазақстан" ХБ атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

1997 жылғы сәуір

«Каспийский» Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.

1997 жылғы 12 желтоқсан

«Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

2000 жылғы 16 ақпан

Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады. №0011 куәлік.

2002 жылғы қаңтар

Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

2003 жылғы 1 тамыз

2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский» Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

2003 жылғы 2 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

2006 жыл

Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Прайвит Эквити Фанд» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $12,2 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

Похожие материалы