Басқарманың жаңа мүшесі, "Казкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры қызметіне Айгүл Жайлаубекова келді. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі хабарлайды. Казкомда ол бірлескен бизнесті дамыту жұмыстарын басқаратын болады.
"Жайлаубекова Айгүл - 18 жылдық басқару және коммерциялық жұмыс салаларында тәжірибесі бар, Қазақстан мен шетелдердегі алдыңғы қатарлы банктерде қызмет еткен. Соның ішінде, MeesPierson N.V. және ING Bank N.V. атты әлемдік банктердің бас кеңселерінде қызмет еткен", - делінген банктің хабарламасында. Бұрын Жайлаубекова 2014 жылдың 28 қарашасы күні Халық банкіне сатылған соң "HSBC Bank Kazakhstan" болып атауы өзгерген "Altyn Bank" АҚ төраға орынбасарының қызметінде болған. Сонымен бірге, ол HSBC Kazakhstan (2011-2014) және Citibank Kazakhstan (2007-2011) еншілес банктерінде төраға орынбасары болған. Аталған қаржы институттарында бизнестің халықаралық бағыттарына жауапты болды. "Айгүл Жайлаубекова YPO (Young Presidents Organisation) Жас президенттер ұйымының қазақстандық бөлімінің құрамына енген. Қазақстанның қаржы секторының дамуына қосқан үлесі үшін "Теңгеге 20 жыл" медалімен марапатталған", - дейді Казкомда.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024