Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы 19 маусымдағы Kcell акционерлерінің жалпы жиналысында басқарма төрағасы мен мүшелері тағайындалды. Бұл туралы KASE хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, Каспарс Кукелис басқарма төрағасы болып тағайындалды, ал басқарма мүшелері Асқар Есеркегенов пен Сергей Ельцов болды.
Kcell басқармасының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі – бір жыл.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы қызметтің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша, компания таза сату көлемін 1,5%-ға, сондай-ақ Net Promoter Score (тұтынушылық ниеттестік индексі) көрсеткішін B2B сегментінде екі есеге арттыра алды. Өткен жылы Kcell таза сату көлемін 1,5%-ға ұлғайта отырып, тұрақты өсімді көрсетуді жалғастырды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024