1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық жəне басқа банктерді ұлтшылдандыру нəтижесінде мемлекетке тиселі салалық жəне аумақтық банктер етіп қайта құрылды.
Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ- кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік жəне жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік- капиталистік банктер қатары жұмыс істеді. 1922 жылы несиелік жəне ссуда-жинақ серіктестіктері жəне олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру жəне есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.
1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркəсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі жəне шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды. Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік жəне жеке несиелік ұйымдар өз мəнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мəжбүр болды.
Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан жəне өнеркəсіптен жеке сектордың қудалануы нəтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының қызметтері 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: ´неркəсіп банкісіне. Цекомбанкке, Всекомбанкке жəне Орталық ауыл шаруашылық банктеріне өтті. 1930-1932жж.
КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нəтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған банктер құрылды. Өнеркəсіп жəне электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы ”Құрылыс банкі“ болып құрылды. Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған “Ауыл шаруашылық банкі “1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік жəне Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі. Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. Коммуналдық жəне тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.
Бұл құрылған салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржылаацндыру жəне ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді. Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелеу қызметі шоғырланды. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің рөлі орталық жəне барлық несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан əрі арта түсті. Барлық кəсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу жəне ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады. Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру қағидасына сай сақталады. Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, əр кəсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп айырысу немесе ағымдық шотын ашуға тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие жəне нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.
КСРО-ғы қайта құру жағдайындағы дамуы Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жж.) сəйкес келеді. Банктік реформа нəтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі жəне Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО ´неркəсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркəсіп банкі жəне КСРО Тұрғын үй-əлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде – КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кəсіпорындар мен ұйымдарға кассалық жəне несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды. Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады. КСРО-ның ´неркəсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркəсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кəсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық жəне басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кəсіпорындарында Агроөнеркəсіп банкі, əлеуметтік аумақтағы жəне 88 сауда саласының кəсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй əлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық жəне импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды. Мамандандырылған банктер құрылымы əкімшіл-аумақтық қағидаға сəйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда жəне банктің басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. °р мамандандырылған банктің бір мекемесі əр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар жəне кеңшарларда жұмыс жасады.
Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер əмбебап мекемелерге айналған болатын. Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған.
Бұл банк клиенттерінің əр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мəселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. °р банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды. Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, əр банктің белгілі бір салаларында (өнеркəсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кəсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып жəне несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кəсіпорындардың өміршеңдігі жəне пайдалылығы есепке алынбады.
Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кəсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті. Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа əкеліп, ол монополияландырудан құтылмады жəне несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай əсер ете алмады. Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
• вексель айналысының болмауы;
• кəсіпорындардың қарыздарын кешіруі, əсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;
• шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы; банк мамандандырылуының жойылуы;
• кəсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;
• пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
• экономиканың əр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының əлсіздігі;
• бақылауға жатпайтын несиелік жəне банктік ақшалардың басып шығарылуы. 1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша əкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
• банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
• олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
• реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;
• кəсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
• клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
• ақша нарығы жəне несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
• банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
• ағымдық жəне ссудалық шоттарды бөлу барысында “банктік соғыc” шыға бастады;
• қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады. Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тəртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, əкімшілік əдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша- несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сəйкес келмеді. Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын.
Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып жəне бəсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады. 1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік жəне жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц банк жəне т.б. жатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024