Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Ұлттық банк басқармасы бизнесмен Кеңес Рақышевке "Қазкоммерцбанк" АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді деп хабарланды сәрсенбі күні мемлекеттік қаржылық қадағалау агенттігінің сайтында.

Сонымен қатар Ұлттық банк К.Рақышевке "GRANTUM Asset Management" АҚ мен "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ ірі (жанама) қатысушы мәртебесін алу туралы келісімді беру қаулысын қабылдады.

Қаулы 2015 жылдың 28 қаңтарында қабылданған.

БТА банктің 97,36% акциясына иелік еткен "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры Қазкоммерцбанкпен және бизнесмен Кеңес Рақышевпен оларға БТА акцияларының 93%-ын сату туралы келісімге келген еді. Өткен жылдың жазында аяқталған мәміле аясында сатып алушылардың әрқайсысы несие ұйымының 46,5% акциясына ие болды. БТА-ның қалған 4,26% акциясын мемлекеттік қор Қазкоммерцбанк басқармасына табыстады, осылайша Қазком БТА-ның операциялық бақылауын жүргізетін болды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазкоммерцбанк активтердің көлемі бойынша екінші деңгейлі банктер арасында үздік атанды.

 

Похожие материалы