Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz - 2019 жылы базалық зейнетақы 36 108 теңгені құрайды. Бұл туралы 7kun.kz тілшісінің сауалына ҚР Қаржы министрлігі берген жауапта айтылды.
Айта кетейік, кеше ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы туралы заңды таныстырған еді.
Берік Шолпанқұловтың мәліметінше, әлеуметтік блоктың үш жылдық кезеңдегі шығыны 15,4 триллион теңге болды. Оның ішінде 2019 жылы - 4,7 триллион теңге немесе жалпы шығындардың 44,1 пайызы және 2021 жылы бұл көрсеткіш 48,3 % пайызды құрайды.
Бүгін бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі де растады.«Әлеуметтік шығыстың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және жағдайы төмен жандарға көмек көрсетуге бағытталған. Мәселен, жоспарлау кезеңінде бұл бағыт 9,4 триллион теңгені құрады. Ал 2019 жылғы 3 триллион теңге ағымдағы жылы 359,3 миллиард теңгеге немесе 13,8 пайызға артып отыр », - деді минитрлік жауабында.
Сонымен қатар, Б.Шолпанқұлов атап өткендей, әлеуметтік төлемдер осы шығыстарда айтарлықтай басымдық береді.
"Бұл қаражат 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібін өзгертуге сай, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай жұмсалады. Нәтижесінде, 2019 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 27 732 теңгені құрайды да, ал орташа базалық зейнетақы 36 108 теңге болмақ. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа зейнетақы мөлшері орта базалық зейнетақыны қоса алғанда 87283 теңгені құрап, нәтижесінде 5 728 теңгеге өседі" - дейді Берік Шолпанқұлов. Министріліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш болады. Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажетПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024