Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қ.Келімбетов: Қазақстан экономикасына доллар үшін 277 теңге деген курс қажет

Қ.Келімбетов: Қазақстан экономикасына доллар үшін 277 теңге деген курс қажет

Доллар бағамының 277 теңге болуы Қазақстан экономикасы үшін қалыпты курс. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Ары қарай не болады? Тағы да бір рет айта кетсем, біз еркін айналымға көштік. Девальвация болды, енді 150 не 120 теңгені бұрынғыдай 5 жыл бойы ұстап тұрады деп ойламауымыз керек. Сіздер көршілерімізді мұқият бақылап көріңіздерші, ресейлік рубль долларға қатысты 44-ке көтерілді, сосын 80, кейін 60-қа түсті.  Бізге осындай құбылмалылықты бастан кешіру қиын болады. Сондықтан Ұлттық банк интервенциялауға қатысып немесе қажет кезде Ұлттық қордан қаражат аударып, тепе-теңдікті сақтап келеді. Бүгін таңертең 277 теңге деңгейінде болған курсты қазақстандық экономика үшін қалыпты деп санаймыз",- деді Қайрат Келімбетов.

К. Келімбетов инвляциялық таргеттеуге көшкеннен кейін 6-дан 12 айға дейін экономикаға бейімделу кезеңі болатынын айта кетті.

"Теңге ары қарай қалай өзгереді? Бұл мына факторларға байланысты. Бірінші - мұнай бағасы. Егер оның бағасы 50-дің төңірегінде болса, теңге қазіргі  көрсеткішінде қалады. Ал мұнай бағасы арзандап, көрші елдің экономикалары тоқырауға ұшырап жатса,  еркін айналымға өтіп кетеміз. Баға қымбаттаса, үш-бес жылда теңге нығаятын болады",- деді Ұлттық банк төрағасы. Сонымен қатар қаржы нарығында доллар тапшылығы жоқ екендігін де атап өтті.

Похожие материалы