Лондон. 1 маусым. 7kun.kz - Кеңес Рақышев пен оның SirinLabs технологиялық стартапы бойынша серіктестері Лондонда ақпараттың сыртқа шығып кетуі мен тыңдалуынан қорғайтын Solarin смартфонын таныстырды. Телефон бағасы 14 мың долларды құрайды деп жазады Techcruch.
Жобаның басты қатысушылары мен инвесторлары - Кеңес Рақышев, Mobil фотосуреттер алмасу желісінің басшысы Моше Хогег пен McKinsey экс-кеңесшісі Тал Кохен.
Аталған телефон құпия мәліметтер мен жабық ақпараттарды сақтауға мәжбүр бизнесмендерге арналған. Solarin 1 шілдеден бастап Лондонда сатылымға шығарылады. Смартфонда әскерилер өз байланыстарын қорғау үшін қолданатын технологиялары енгізілген.
Компаниядағылар телефонды жасау үшін 2 жыл уақытын жұмсаған. Сәуірде стартап үшін Рақышев, Хогег пен Facebook-тің қытайлық баламасы Renren компаниясы өнімді нарыққа шығаруға 72 млн доллар қаржы салған.