Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев Қазкомдағы үлесін көбейтті

Кеңес Рақышев Қазкомдағы үлесін көбейтті

Кеңес Рақышев Нұржан Сұхбанбердин және "Орталық Азия инвестициялық компания" АҚ-мен банктың қарапайым акцияларын сатып алу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Қазкоммерцбанктың баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған келісім-шарт аясында Кеңес Рақышев ОАИК-дан банктың 115 486 789 қарапайым акцияларын сатып алып, банктегі 28,67% үлесін 43,15%-ға дейін арттырды. Оған "Qazaq Financial Group" АҚ арқылы жанама түрде тиесілі акцияларды санағанда К.Рақышевтың бақылауындағы үлесі көлемі 71,23%-ды құрады. "Өткен жылда банктың ірі акционері және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде менің Қазкоммерцбанктың даму потенциалын бағалайтындай мүмкіндігім болды. Мен қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдалана отырып, технологиялық көшбасшылықты арттыруда, банктік қызмет көрсету саласында жетістікке жетуге болатынын байқадым. Осыған байланысты капиталдағы үлесімді арттыру туралы Нұржан Сұхбанбердинге ұсыныс жасадым. Оған және Нина Жүсіповаға банктегі бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын. Олардың басшылығы арқылы Қазком еліміздегі жүйелі банктың бірі ретінде қалыптасты", -деді келісім туралы Кеңес Рақышев. Өз кезегінде Нұржан Сұхбанбердин Қазкоммерцбанктың көшбасшы қаржы институтқа айналуына ықпал еткен қызметкерлер мен клиенттерге алғысын айтты. "Жаңа акционерлер мен Директорлар кеңесі Қазкоммерцбанк компаниялар тобын басқарудағы максималды жауапкершіліті сақтап қалатындығын білемін. Мен ұзақ уақыттан бері танитын Кеңес Рақышевтың энергиясы банктың жаңа деңгейге шығып, қаржы қызметі нарығындағы өз позициясын нығайта түсетіндігіне сенімдімін", -деді ол.

Похожие материалы