Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышевтың Қазкоммерцбанктегі үлесі 71,31% өсті

Кеңес Рақышевтың Қазкоммерцбанктегі үлесі 71,31% өсті

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Қазкоммерцбанк акционері Кеңес Рақышев миноритарлы акционерлердің қарапайым акцияларын сатып алу процесін аяқтады. Нәтижесінде бизнесменнің банктегі үлесі  71,31%-ға өсті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, келіп түскен өтінімдер мен атқарылған бұйрықтардың нәтижесі бойынша миноритарлық акционерлерден «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 648 120 жай акциясы сатып алынды. Бір акцияның құны 211,4978 теңгені құрады.

Осылайша Кеңес Рақышевтың ҚКБ-дағы үлесі акцияларды сатып алу арқылы 43,23%-ға өсті («Qazaq Financial Group» АҚ арқылы жанама түрде тиесілі акцияларды ескерсек, бақылаудағы акциялардың жалпы үлесі - 71,31%.).

Айта кетейік, бұған дейін Кеңес Рақышевтың Нұржан Субханбердин мен «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-дан (ОАИК) банктің жай акцияларын сатып алу туралы келісімге келгені туралы хабарланған болатын.

Похожие материалы