Экономика
Кеншілер кәсіподағы "АрселорМитталдан" жалақы қысқарту туралы хабарлама алмаған
Кеншілердің "Қорғау" кәсіподағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жалақыны қысқарту туралы ешқандай хабарлама алмаған. Бұл туралы "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Мирғоязов мәлімдеді деп жазады "Қазақстан жаңалықтары".
Осыған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға қысқартатындығы туралы жоспарын хабарлады. Бұған Ресей мен ҚХР-дан келетін импорт көлемінің ұлғаюы себеп болып отыр. Компания бас директорының сөзінше, қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртау" жыл сайын 3,5 млн тонна құрыш өндіреді және алдағы уақытта бұл көрсеткішті жылына 6 млн тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. "Біз Қарағанды облысының прокуратурасына Виджай Махадеванның біздің келісімдерімізді бұзып жатқандығы жөнінде хат жаздық. Алдын-ала қандай-да бір хабарлама немесе бұйрық жіберген жоқ. Тек Махадеванның пікірінің ғана күші бар. Егер хабарлама немесе бұйрық келгенде, біз сотқа шағымданатын едік", - деп атап өтті М.Мирғоязов. Оның сөзінше, екі апта бойы "Арселор" басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары арасында қызметкерлер жалақысына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Айта кетейік, бүгін Қарағанды аймағының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков «АрселорМиттал» қызметкерлерінің еңбекақысы туралы мәселе шешіледі деп мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024