Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеншілер кәсіподағы "АрселорМитталдан" жалақы қысқарту туралы хабарлама алмаған

Кеншілер кәсіподағы "АрселорМитталдан" жалақы қысқарту туралы хабарлама алмаған

Кеншілердің "Қорғау" кәсіподағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жалақыны қысқарту туралы ешқандай хабарлама алмаған. Бұл туралы "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Мирғоязов мәлімдеді деп жазады "Қазақстан жаңалықтары".

Осыған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға қысқартатындығы туралы жоспарын хабарлады. Бұған Ресей мен ҚХР-дан келетін импорт көлемінің ұлғаюы себеп болып отыр. Компания бас директорының сөзінше, қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртау" жыл сайын 3,5 млн тонна құрыш өндіреді және алдағы уақытта бұл көрсеткішті жылына 6 млн тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. "Біз Қарағанды облысының прокуратурасына Виджай Махадеванның біздің келісімдерімізді бұзып жатқандығы жөнінде хат жаздық. Алдын-ала қандай-да бір хабарлама немесе бұйрық жіберген жоқ. Тек Махадеванның пікірінің ғана күші бар. Егер хабарлама немесе бұйрық келгенде, біз сотқа шағымданатын едік", - деп атап өтті М.Мирғоязов. Оның сөзінше, екі апта бойы "Арселор" басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары арасында қызметкерлер жалақысына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Айта кетейік, бүгін Қарағанды аймағының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков «АрселорМиттал» қызметкерлерінің еңбекақысы туралы мәселе шешіледі деп мәлімдеді.

Похожие материалы