2015 жылдың 23 қазанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) кешкі сауда аяқталды.
АҚШ долларының орташа бағамы 1 долларға қатысты 277,46 теңгені құрады.
KASE ақпараты бойынша, жұма күнгі кешкі сессияда доллармен сауда барысында доллардың теңгеге қатысты минимал баға —277,09 теңге болса, максимал баға-277,90 теңге болды. Жабылу сәтіндегі баға —277,90 теңгені құрады.
АҚШ долларына қатысты сауда көлемі кешкі сессияда 8 млн доллар болды. Валюта курсына қатысты жасалған келісім саны — 11.
23 қазан күнгі ресми АҚШ долларының курсы — 278,21 теңге.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.