Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кешкі сессияда доллар бағамы 299,43 теңге болды

Кешкі сессияда доллар бағамы 299,43 теңге болды

Доллардың теңгеге  қатысты бағамы KASE-нің кешкі сессиясында 299,43 теңге болды. Бұл туралы биржа сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, бейсенбі күнгі АҚШ долларына қатысты сауда кезінде минималды курс 299,05 теңге болса, максималды курс – 299,50 теңгені құрап, сессияның жабылуында 299,50 теңге болды. Кешкі сессияда АҚШ долларының саудасы 104 млн 900 мыңды құрады. Валюта операциясы бойынша келісім саны - 37. Еске салайық, Ұлттық банк теңге курсын реттеу үшін 16 қыркүйектен бастап интервенция жүргізді. Интервенция көлемі 144 млн доллардан басталды. 17 қыркүйек – 270,4 млн доллар, 18 қыркүйек – 67,2 млн доллар, 21 қыркүйек – 213,1 млн доллар, 25 қыркүйек – 41,95 млн доллар, 29 қыркүйек – 137 млн доллар, 30 қыркүйек – 225 млн доллар, 1 қазан – 119,9 млн доллар, 2 қазан - 106,5 млн доллар, 5 қазан – 54,5 млн доллар, 6 қазан – 20 млн доллар, 7 қазан – 66,6 млн доллар.

Похожие материалы