Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, отандық автоөндірісті ынталандыру және қолдау мақсатында
"Бұл сомма екі жолмен жүреді. Жеке тұлғалар үшін екінші деңгейлі банктер арқылы қосымша автонесиелеу ұсынылады. Бұл қарызгердің соңғы мөлшерлемесі шамамен 6% болатындығын білдіреді. Екінші механизм — қаржы лизингі, мұны біз бірінші кезекте заңды тұлғалар үшін өткіземіз, лизинг мөлшерлемесі — 4 %-ға дейін. Біз отандық автокөлік өндірушілері үшін бөлінетін осы транш ішкі автокөлік нарығын айтарлықтай белсенді қылып, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады деп ойлаймыз", — деп мәлімдеді экономикалық мекеме басшысы.
Қазіргі таңда қазақстандық банктер автонесиелендіруді теңгемен орташа алғанда жылдық 17 %-бен жүргізеді. Демек, жаңа шарттармен берілетін несиелер халық үшін қол жетімдірек болады.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының есебіне сүйенсек, 2014 жылы 770 млн долларға Қазақстанда жиналған көлік құралдарының шамамен 40 мыңы сатылған. Осылайша, егер еліміздің автожинау кәсіпорындарында өнідіріс көлемі жоғарыда айтылған деңгейде сақталатын болса, мемлекет бөлетін қаржы автокәсіпкерлерге банктер арқылы өнімдерінің жетіден бір бөлігін өткізуге мүмкіндік береді.
Бұрындары белгілі болғандай, осы жылдың қаңтарында қазақстандық өндірушілер тек 936 автокөлік жинаған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,6 есе төмен.
Ақпарат көзі: kolesa.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024